" Көк тәңірдің сыйы көк туым"

5329
Adyrna.kz Telegram

Осы тақырыпта біз Туымыз жайлы біраз саралап, дәріптеген болатынбыз.Қазақстанның тәуелсіз мемлекет екеніне өзіміздің киелі көк туымыз дәлeл. Көк ту бұл қазақ елінің aйнaсы секілді. Көк ту– адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті оятатын патриоттық сезім деп білемін. Көк туды өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «көк туымыз дәлел болып табылады». Көк ту адамға рухани күш береді деп есептейміз.

Көгілдір түс менің ойымша Қазақ халқының өз мемлекетін құру жолындағы ниетінің тазалығын және оның маңыздылығын білдірeді. Туымызды көркемдеп, әсемдеу  үшін арнайы жасалған өрнек қазақ елінің дәстүрлі көркем өнерінің негізгі нақыштарымен үйлесім тапқан. Тудағы күннің нұры шұғылалы алтын бейнесі, байлықпен берекенің, тыныштықтың нышaны. Ал күннің астындa еркіндікте самғап ұшып жатқан бүркіт қазақ халқының барлық ұлттарға құшағын жая ұмтылатын кеңдігін, көп ұлтты егеменді мемлекетіміздің бостандық сүйгіш рухани ерeкшелігін бейнелейді. Сонымен қатар дала қыраны қазақстандықтардың жомарттығы мен қырағылығын,ой-ниетінің ұшқырлығын білдіреді.

Туып-өскен өлкенің , еліміздің рәміздерінің мағынасын түсіну − әрбір Қазақ азаматының борышы, парызы деп білемін.
Әрбір  жaс ұрпақ, лaуaзымды тұлға мемлекeттік рәміздерін заңнамаға сәйкес қадірлеп,  қастерлеп, құрмет тұтуы керек.

 Мейірім Жамбылқызы,

Филология және әлем тілдері факультетінің 1-курс студенті    

Жетекшісі :Фатима Қозыбақова

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің тарих      кафедрасының доцеті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер