Суда салынған жеті ғажап ғимарат

3956
Adyrna.kz Telegram

Бүгін сіздермен бірге әлемнің көрсең көз тоймайтын сұлу ғимараттарына саяхаттайтын боламыз😍

Бурдж-эль-Араб (БАӘ)
Біздің тізімде алғашқылардың бірі болып орын алған, жағалаудан 280 м жерде орналасқан Дубайдағы керемет қонақ үй.

Бурдж-эль-Арабтың архитектурасы желкенді яхтыны бейнелейді. Биіктігі – 321 метр.

Госпа-нқ-Шкрпьела (Черногория)
Суда салынған бірегей сәулет құрылыстарының арасында екінші орынға лайықтысы Адриа теңізі жағалауындағы жалғыз қолдан жасалған арал – Госпа-од Шкрпьела. Госпа-од Шкрпьела Пераст қаласына қарама-қарсы орналасқан аралдардың бірі. Бұл арал Византия стилімен (үлгісімен) жасалған. Құдай анасының шіркеуі деп жасалған ғиматтың биіктігі 11 метр.

Акведук Велувемеер (Нидерланды)
Тізіміміздің үшіншісі сатысында "Жүзіп келе жатқан" сәулет атты ғимарат – нидерландтық акведук. Ол 2002 жылы Нидерландтың материктік бөлігі мен Флеволанд аралын біріктірген. Акведукада автомобильдерге арнап су асты тоннелі (жолы бар) жасалған.

Венециандық аралдары (АҚШ) Венециан аралдары
Суда жасалған келесі архитектура Бискейн (АҚШ) шығанағындағы жасанды аралы.
Ол Майами мен Майами-Бич (Флорида штаты) қалалары арасында созылған. Қазіргі уақытта мұнда 13 мыңға жуық адам тұрады.

Джал-Махал (Үндістан)
Джайпурда орналасқан Үнді су сарайы суда жасалған сәулет ескерткіштерінің топ-5-ін жабады. Ғимарат Ман-Сағар көлінің су бетінде орналасқан. Сарай кешені көркем таулармен қоршалған алқапта орналасқан.

Пеберхольм (Дания)
Сәулет құрылыстарының арасындағы алтыншы орынға Эресунн бұғазында орналасқан жасанды Пеберхольм аралына бергенді жөн көрдік . Бастапқыда ол Дания мен Швецияны қосатын Эресунн көпірінің бөлігі ретінде салынған. Ғалымдар аралды биологиялық эксперимент деп атайды.

Кансай әуежайы (Жапония)
Су құрылыстарының ішінде Халықаралық қансай әуежайы ерекше көрінеді. Ол Осака қаласынан бес шақырым жерде салынған және Осак шығанағындағы үйінді аралында орналасқан.

Ақпарат mobile.mt5.com cайтынан алынды.
.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер