Табиғаттың тәубеге келтіруі

2401
Adyrna.kz Telegram

Əлем бір сəтке тыныштық мекеніне еніп кеткен тəрізді. Табиғат адамдардың қыбырлаған тіршілігінен демалғандай. Көлік отынының қалдықтарынан шыққан иіске тұншығып жататын қала бір сəтке қою түтіннен тазарып, терең дем алып қалғандай көрінеді. Оқшауланудан 24 сағат бой үйде болып, туысқандарды іздеп, хабарласып, жақындарымызды сағынғанымызды бір сəтке болсын ұғындырды. "Осыдан карантин бітсін, міндетті түрде барамыз " - деп білек сыбанып отырған туысқандар саны артпаса азаймаған болар.
Адамдардың ғана өмірлерінде өзгеріс болып жатыр. Ал ормандағы аңдар, тоғайдағы құстар, теңіз түбіндегі балықтар барлығы өздерінің əдеттегі әрекетін жасау үстінде. Олар керісінше адамдардан демалып, тіршілігін нығайтады. Ал сізше бұны табиғаттың бізге жасаған жазасы деп ойламайсыз ба? Төрт қабырғаға қамап қойып өзінің әдеттегі тіршілігін жалғастыру да. Халық торға түскен арыстандай болып отыр.
Ащы шындық болса да мойындауға тура келеді. Біз адамдар бізсіз тіршілік жоқтай көреміз, біз жоқ болсақ барлығы жойылып кететін тəрізді ойлап қара жерді тəкаппарлықпен басамыз.
Ал қазір қарап отырсаңыз, керемет табиғатты ластаушы да, жойып жіберетінде біз екеніміз белгілі болып қалды.
Енді көп нəрсені ұғыну керек сияқты. Баяғы арман болған Дубай қаңырап бос қалды. Махаббат символына айналған Париж мұнарасында қол ұстасып түсетін ғашықтар көрінбейді. Онсызда махаббатының мəнді боларына да көздері жетті. Америкаға баруға босқындар ағылмайды. Туристік қалалардағы қызу тіршілік саябырсып қалды. Қасиетті Меккеде де қыбырлаған тіршілік байқалмайды.
Вирустан әнші де, биші де қайтыс болып жатыр. Бұрынғы өмірімізбен қазіргі жағдайымызды салыстырып жатқан адамдар көп.
Олимпиада ойындары да кейін шегерілді. Онсызда уақыттың өтетінін де ұғындырды.
Əр мемлекеттің қоймасында сақталған қару-жарақтары да бір вирусқа төтеп бере алмайды. Меніңше, қазір əлем қарусыз соғыс жүргізіп жатыр. Барлығыныңда қаһарлы жаулары біреу ғана, ал онымен күресті əр ел əр түрлі жүргізіп жатыр. Жалпақ тілмен айтсақ əркім білгенін істеп бағуда.
Тазалықты сақтамай, қалай бар солай өмір сүріп келген халық қазір əр он минут сайын қолдарын жуып, өлместің қамын жасауда. Тазалықтың маңызды екенін де , құшақтасып, қол алысудың өзінен қорқып сақтық шараларын күшеттік. Сол арқылы ғана көзге көрінбейтін жаумен күресе алатындарын түсінді.
Қазақ халқы асыра тойлаудың жай ғана ысырапшылық екенін ұғынғандай. Аурудан қорыққан халық "басымыз аман болсын, бір мәні болар" - деп амандықты ғана тілеуден басқа амал қалмай тұр.
Қай жерде өмір сүрсекте, мейлі Азия да болсын, мейлі Еуропада болсын айырмашылық жоқ. Бір жұқпалы дерт келсе, әлем бір кемеге айналады. Бұл карантиннің қанша уақытқа созылары белгісіз. Дегенмен бұл дерттің қайта шыкпасына да ешкім кепілдік кепілдік бере алмайды.
Барша әлемге біз жай ғана үйде отырып қана көмектесе аламыз. Себебі, вирус адамнан адамға тез жұғады, тез таралады. Сондықтан, қандай жағдай болмасын үйде болыңыз. Өзіңіз үшін, жақындарыңыз үшін.

Айсауле Кенгашова,

Тұран университетінің 1 курс студенті

Пікірлер