Фараби ізбасарлары

1558
Adyrna.kz Telegram

Төрткүл дүниеге танымал шығыс ғұламасы Әбу Насыр әл- Фарабидің 1150 жылдығына арналған "ФАРАБИ ІЗБАСАРЛАРЫ" (онлайн)апталығы өз мәресіне жетті.  16 – наурыз бен 21-наурыз аралығында (2020ж.) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Баспасөз және элекетронды БАҚ кафедрасы мен профессор Барманқұлов атындағы «ТЕЛЕЗЕРТХАНА» ғылыми үйірмесінің ұйымдастыруымен өткен  апталық аясында журналистика факультетінің студенттері мен журналистика мамандығын таңдаған талапкерлер күн сайын тікелей эфирге шығып, Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" атанған ғұламаның тұжырымдарын тілге тиек етіп, заманауи көзқараспен ұштастырып, көпшілікпен ой бөлісті. Апталықтың аясында денсаулық, білім, өнер, шығармашылық, қайырымдылық, әдеп тақырыптары қамтылды. Талапкерлер «Әл-Фараби» және бүгінгі ұрпақ» деген тақырыпта шығарма жазып, кемеңгердің кемел пайымдарынан түйген ойларын ортаға салды. 

Әбдіжәділқызы Жидегүл

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

 Баспасөз және элекетронды БАҚ кафедрасы

 

Пікірлер