Қазақстанда Қытайшылдарға жол жоқ

1691

Қазіргі халықаралық геосаясатта коммунистік қызыл қытай билігінің адамзатқа қарсы әдейі қолдан жасалған жасанды тәжвирусы мен ішкі кланаралық саяси тартысы және ҚХР-дің құйтырқы-жымысқы әрекеттері туралы қазақ қоғамына мүлдем беймәлім тұстарын уақтылы әлеуметтік желі арқылы беделді шет ел БАҚ-на шолу жасап, сауатты түрде қазақ еліне жүйелі формада жеткізіп отырған әлемдік дәрежедегі құқық қорғаушы Серікжан Біләш екені еш дәлелді қажет етпейтін аксиома. Қытайдың әлемдегі мыңдаған конфуций ілімін зертеу институты немесе қытай тілін оқыту курстары деген атаумен құрылған арнаулы шпиондық ұйымдары дүние жүзіне, соның ішінде Орта Азияда барлау-тыңшылық қызметін емін-еркін жүргізуде. Мысалы қытайдың жұмсақ күштері болып табылатын қытайшылдарға ғаламторда мынадай анықтама беріліпті:

ҚЫТАЙШЫЛ - деген атау және осы атауды білдіретін ұғым:

Қытайшыл - біреуді руына, жынысына, түріне, жасына, туған жеріне т.б. ерекшеліктеріне байланысты кемсіту емес. Қытайшыл деу қазақтардың қытай билігінің заңсыздығымен, озбырлығымен, қылмысымен, қытай экспансиясымен күреу барысында кез-келген бір адамның саяси ұстанымына, қазақ не қытай қайсысының мүддесін жақтайтындығына, бүгінгі ақпараттық күрес барысында жасаған іс-әрекетіне, көзқарасына, сөз-сөйлемдеріне қарай отырып басқа адамдардың сол адамға берген бағасы. Яғни, қытайшыл дегеніміз –  қытай мүддесін жақтаушы, қытай мүддесін қорғаушы, қытайды мақтаушы, "қытай - қазақ халқы, қазақ елі үшін қауіпсіз ел" - деп санаушы, қытайды шынайы дос көруші, қытайда кінә жоқ деп қараушы адам. Екінші бір қырынан алып қарағанда қытайдың сайқал саясатына, қытай геноцидіне, қытай экспансиясына, қытайдың айла-арамзалықтарына қарсы күресіп жүрген қоғам белсенділердің артынан қалмай алысып, жабысып жағаласып жүрген адам да қытайшыл. Себебі, олар уақытының көбін жаумен (қытай билігінің қылмысымен) күресумен емес, жаумен күресіп, өз ұлтымыздың құқық, мүддесін қорғаушы қандастарымен күресіп, жауға қарсы күресте біліп не білмей кедергі келтіріп жатқандығынан.
Сондықтан, кімнің қытайшыл, кімнің ұлтшыл екендігін оның қанын тексеріп немесе шежіресіне, туған жеріне қарап біле алмайсың яғни дәлелдей алмайсың. Білудің ең тиімді, сенімді әрі жалғыз жолы - оның істеп жүрген іс-әрекетіне, алға қойған мақсатына, кіммен күресіп жүргендігіне, ұстанымына, көзқарасына қарап біле аламыз.

Демос ҚБ төрағасы Құсайынов Тұрарбек

 

Ескерту: автордың пікірі редакция көзқарасын білдірмейді

Пікірлер
Редакция таңдауы