Елемесов ісі әділдікке жетті

717
.
.

ҚР Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы екінші сатылы сотта Асылбек Елемесовты кінәсіз деп таныды. Осылайша, прокурор Дархан Шарықбаевтың таққан айыптары негізсіз екені айқындалып, әділетті шешім шығарылды.

ҚР Әскери  сотының  қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы «ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің  431 бабы 1 бөлімінің 8 тармағын, 443-ші және 444-ші баптарын басшылыққа алып, Алматы гарнизоны әскери сотының 2020 жылғы 3 ақпандағы  "Асылбек Алмаганбетович Елемесовке қатысты үкімнің күші жойылсын және іс Қылмыстық процессуалдық кодексінің  323 бабына сәйкес прокурорға жіберілсін, сотталған А.А.Елемесовтың және оның қорғаушысы – адвокат А.Ж Кемелхановтың аппеляциялық шағымы ішінара қанағаттандырылсын", - деп қаулы етті.

Оқырмандардың есіне сала кетсек, бұған дейін «Адырна» ұлттық порталында  кісі өліміне қатысты сот отырысынан келесідей https://adyrna.kz/post/29481 https://adyrna.kz/index.php/post/29571  мақалалар жарияланып,  Елемесовтың бас бостандығының шектелгені айтылған еді.

Аталған оқиғадан соң осы жылы 19 наурызда  әділетсіз шешімге қарсы болған қорғаушы мен сотталушы екінші сатылы сотқа  аппеляциялық шағым түсірген.

ҚР Әскери  соты сыналар шақта  әділ қазылық танытып, құқықтық тәртіптің қорғаны бола білді.

Заңға қайшы қозғалған қылмыстық іс бойынша үкімді жоюда, бейкүнә жанды теріс қолданған заңның қатал қаһарынан құтқару жолында, заңдылық пен әділеттілікті орнатуда аянбай еңбек еткен адвокат  А.Ж Кемелхановқа Елемесовтың жақындары өз алғыстарын білдірді.

 

Жасұлан Наурызәлі,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы