Нұрат Ілияс: Енді әлем бұрынғыдай болмайды!

9585

Әлемде Restart болады екен.

Енді әлем бұрынғыдай болмайды. (ерінбей жақсылап оқыңыз)

 

  1. Жасырын бір топ адам жоспар бойынша 2020 жылы әлемде бір вирус таратуды бастайды. Жаңағы вирус таратқан топтың қолында әлемдік қаржының 80% бар.

 

  1. Түрлі жәндіктерді жеуді Қытай 2019 жылы ғана бастаған жоқ. Олар 10 жыл, 50 жыл 100 жыл, 2 мың, 5 мың жыл бұрын да жеді. Сол кезде осы жаңа вирус неге жұқпады? Ал мына вирустың құрылымы бөлек. Білгір мамандардың айтуынша бұл вирус арнайы жетілдірілген. Қайдан жасалғаны белгісіз.

 

  1. Мутацияға ұшырайтын вирус ол биоқару. Биоқаруды сынаудың алғашқы сынағы басталды. Кім, қай жерден, не үшін, қандай мақсатпен жіберді, кімге пайдалы екенін әзірге білмейміз. Тіпті біле алмаймыз. Мұның бәрін сараптау керек.

 

  1. Қару бірінші Қытайда сыналды. Оны ұзақ түсіндіріп жататын бірнеше себеп бар. Оған тоқтамаймыз. Сол аймаққа бір үрей туғызу керек болды. Ол болды. Корея, Жапония бастаған Қиыр Шығыс елдері үрейленді.

 

  1. Келесі кезек Таяу Шығысқа келді. Ислам әлемі қасиетті санайтын Қағба жабылды. Ехли сунна үрейленді. Шии ислам әлемінің орталығы Иран, Тегеран маңындағы саяси режим «КУМ» вирустан зардап шекті. Шии әлемі үрейленді. Иран билігі әлігі топтың жынына тиіп жүрген еді.  Шынында да Иран екінші болып ауырды.

 

  1. Енді кезек христиан әлемі, ең бастысы оның орталығы Ватикан; Рим ауыру керек болды. Ол да болды. Католигі, ортадоксі басқасы бар олар да жұқтырды, үрейленді.

 

  1. Әлемді ең көп отарлаған ел ол - Ұлыбритания. «Ұлыбританияда не болып жатыр» деп жаңалық күтетін елдер саны 60 шамасында. Мысалы бұрынғы КСРО елдері қазіргі Мәскеудің ақпараттық шатыры астында болса, ол елдер де Ұлыбританияға алаңдап отырады. Қысқасы ол жерде принцтен бастап премьер-министрге дейін жұқты. Әлемдік  деңгейдегі  әнші, футболшы т.б-ға  вирус жұқты. Міне эффект. Әлемнің қалған жұрты тағы көрді.

 

  1. Ол топ 1 дүниежүзілік соғыстан кейін әлемдегі бірнеше елдерде патшаның, сұлтанның, ханның орндарынан кетулерін қадағалады. Ол топ 1945 жылы Ялта конференциясында әлемді қайта бөлуді жоспарлады. Ол топтың қолында UN, IMF, WHO сияқты бірнеше әлемдік ұйымдар бар. Доллар сол топтың қолында. Бірақ олар үшін бұл ұйымдар ескірді. Жаңаша ойын бастау керек болды. Олар әлемді қайта бөледі екен. Ойыншылардың арасында Қытай мен Ресей болмайды екен. Яғни халықтарына жақсы өмір жоқ.

 

  1. Бұл вирус алғашқы сынақ екен. Бірнеше мақсатты көздеген. А) Барлық елді өз еліне, үйіне тығып digital жағдайларын бақылау. Цифрлық әлемге тығу және цифрлық әлемге үйрету.  Ол болып жатыр. Б) Әлемдік биражаларды түсіру, мұнай бағасын түсіру. Вирус арқылы қолма қол ақшаның тиімсіз екенін, вирус тарататын құрал екеніне көз жеткізу. Кейін барлық биржалардағы акцияларды сатып алу. В)  Тағы да бірнеше сынақтарды сынап көреді.

 

  1. Бұл вирустың вакцинасы шығады. 3-4 жылдан кейін екінші вирус шығарады. Мысалы ол өкпеге емес көзге әсер етеді. Кейінгі біреуі адамдарды жүре алмайтын сал етеді, біреуі тілді байлап сөйлетпей тастайды, біреуі мәңгі ұйқыға жығады. Бәрінің емін де шығарып отырады. Бірақ 6-7 кезеңіне келгенде жаңағы емін тапқыш топ, компания  биочип шығарады. Ол чипті адамның  бір жеріне енгізеді.  Көнбегендері өле береді. Вакцина екпесең өлесің деген сияқты. Млрд-таған адам чип тағады.  Сол кезде мүлде басқа өмір басталады. Қазір әлем бойынша 700 адамға чип тағылған, сынақтан өтіп жатыр. Нәтижесін беріп жатыр екен.

 

  1. Айтпақышы осы вирустар кезеңінің ортасында ғарышқа мыңдаған спутниктер шығарылады. Олар әлемді 100% түгелімен интернетпен қамтамасыз етеді. Ол интернет тегін болады. Жылдамдығы қазіргіден  мың, жүз мың есе жылдам болады. 5G  ойыншық болып қалады.  Сіздің денеңіздегі әлігі чиптерді сол спутниктер арқылы ғылым-білімді оқыған топтар басқарады.  Жемқор әулеттер арқылы басқарылатын елдер сөз жоқ автоматты түрде зомби болады.

 

  1. Әлігі чиптер арқылы кім қайда барды, не істеді, денсаулығы қалай, не ішкісі келеді, бәрі бақыланып отырады екен. Қаласа Сізді ұйықтата салады, ана дүниеге жібере салады. Фантаситка сияқты ия. Кім білсін?

 

  1. Әлемдегі барлық қағаз ақшалар жойылып орнына digital ақша шығады екен. Блокчейн деген болады екен. Адамзат үшін жер, топырақ, су өмір сүру үшін қандай қажет болса қаржы әлемі үшін блокчейн де сол сияқты қажет екен. Әзірдің өзінде digital ақшаны жұрт қолданып жүр. Биткойн деген уақытша жоба, сынақ екен.

 

  1. Әлемдегі барлық оқу жүйесі онлайн болады. Универ, мектеп ғимараттары сатылып офистерге айналады. Диплом және басқа құжаттар цифровой болады.

 

  1. Жұма намазды онлайн оқитын боласыз. ZOOM арқылы имамның тобына қосыласыз. Айтпақшы зікіршілер үшін қазір дәл қылует уақыты. Зікірді скайп немесе зум арқылы онлайн сала берсе болады.

 

  1. Айта берсе көп, қысқаша мысалдар беріп кетейін. Мысалы Меккеге қажылыққа баратындар болса белгілі бір компанияға ақша төлейді. Сіз көзіңізге үлкен көзілдірік тағып алып Қағбаға виртуалды түрде барасыз. Шайтанды таспен атқылайсыз. Ол компания Лондонда орналасуы мүмкін. Және сол компания Сізге қажылық міндетін атқарды деген сертификат береді. Әрине Сауд Арабия патшасы, сол елдің муфтиі, Мекке әкімінің де қолы болады Сертификатта. Офлайн қажылық 5 есе қымбат болады.

 

  1. Чипті 4 санатқа бөліп тағады екен. Көркем әдебиет жазушысы мен тамада, асабаларын «зиялы қауым» деп есептейтін, ырду-дырду тойдан, сайқымазақтан  басқаны көрмеген, супертопас әкімдері бар, жемқорлық жайлаған елдерге 4 санаттағы чип тағылады екен. Ол топтағы елдер зомби болып тек қара жұмыстарда жүреді екен.

 

  1. Төртінші санаттағы чиптері бар халықтарға тек ішіп-жейтін тамағы мен  жататын орын беріледі екен. Бірақ бізде қазір де елдің жалақысы солай ғой. Тіпті ол да жоқ. Бірақ сол топтың тағайындаған ішіп-жем мөлшері қазіргіден 10 есе жоғары болады екен.

 

  1. Барлық халықтардың билігін, әкімдерін сол топ

тағайындайды екен.  Бірақ әкімдері қазіргі супертопас әкімдерден 40 есе ақылды болады екен. Чип арқылы ақыл қосып отырады екен. Ал өте ақылды бірнеше адамдардың ақылын сол чиптер арқылы бір-біріне қосып үлкен идеялар алады екен.

 

Мүмкін Африка құрлығын түгел қырып тастайды. Үлкен Зоопарк болады. Мүмкін барлық материктерден адамдарды тазартады. Ол болашақта. Бір топ адам аралда өмір сүреді. Және оларға қызмет ететін 10 млн индусты қалдыруы мүмкін. Әлем үлкен сафари болады. Экология таза. Барлық өзендерде балық бар. Аңдар көбейген. Аралдан шыққандар соларды аралап тамашалайды.

 

  1. Жер бетінде адамзаттың жаралғанына 2 млн жыл болды десеңіз оның 1 млн 985 мың жылын былай  қойыңыз, Соңғы 15 мың жылда адам баласы аң аулау мен егін егуді үйренді. Соңғы 10 мың жылында дінді үйренді. 8 мың жыл бұрын жазуды бастады. Темірді, дөңгелекті, қағазды, оқ дәріні, цементі кейінгі 5 мың жылда. Мейлі оларды былай қойыңыз, соңғы 150 жылда электрді, радионы, телефонды, 100 жылда ТВ, тоңазтқыш, ұшақ, атомды ойлап тапты. Оның бәрін қоя беріңіз,  соңғы 30 жыл тіпті тез кетіп бара жатыр екен. Тіпті Сіз қазір қолыңыздағы  ұстап отырған смартфон соңғы 8 жылда қолданыла бастаған. Нанотехнология дәуірі келеді. Кванттық компютер жасалып жатыр екен. Соңғы 10 жыл мен келер 10 жылда Сіздің ақылыңыз жетпейтін технологиялар шықты және шығатын болады.

 

  1. Ал біздің Қарасай ауданы әкімшілігі 8 жылда бір құжат жасай алмайды. Ставкасы жоғары. Есесіне мүлде жолы жоқ жерге Сергек қояды. Алтын Орда маңы кептелісі ол бөлек бір жыр. Бізде мүлде басқа әлем. Елге шындық айтсаң «есің дұрыс па?» дегендей қарайды. Ал шаблонға салып өтірік айтсаң сенеді. Ай, құрысын сыртқа шығып көктемгі жаңбырды тамашалап отырайыншы 🙂

 

Нұрат Ілияс

Пікірлер
Редакция таңдауы