«Қазақы терминдерді халық жасайды» атты онлайн байқау өтеді

1761

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақы терминдерді халық жасайды» атты республикалық байқау жариялайды.

Байқау 2020 жылдың 1-18 сәуір аралығында онлайн режімде өтеді.

Байқаудың мақсаты – ұлттық терминжасамның өзекті мәселесін тиімді жолмен шешу, сәтті термин ұсынушы тіл жанашырларын анықтау және қолдау.

Республикалық байқау ережесі:

І кезең. Байқауға қатысушылар «Өзін-өзі таныстыру парағын» (Визиттік карточка) 1-5 сәуір аралығында termincom2020@gmail.com электронды адресіне жолдауы тиіс.

 

Өзін-өзі таныстыру парағының үлгісі

 

Аты-жөні Жасы Білімі Мамандығы Байланыс телефоны, эл.пошта адресі
Тасболатов Бақыт Олжасұлы 25 Жоғары Инженер 8 701 ....

 

Байқауға қатысушылар www.tеrmincом.kz сайтындағы https://termincom.kz/alan электронды алаңға тіркеліп, 5-10 терминге балама ұсынуы шарт.

ІІ кезең.7-12 сәуір аралығында өтеді. Мұнда бірінші кезеңнен өткен байқау қатысушыларына тұрмыста жиі қолданылатын 10 шеттілдік терминнің қазақ тіліндегі сәтті аудармасын жасау тапсырылады. Тапсырма https://termincom.kz/alan-да 7 сәуір күні жарияланады. Бұл ретте бағалау көпшілік дауысы арқылы және қазылар алқасының пікірімен шешіледі.

ІІІ кезең. 13-18 сәуір аралығында өтеді. Соңғы айналымға екінші кезеңнен іріктелген азаматтар қатысады. Олар белгіленген уақыт аралығынд амәтін ішіндегі салалық терминдердің қазақы баламасын жасауы тиіс (термин саны 15-20).

Бағалау:

Қазылар алқасы:

- терминнің терминжасам әдістемесіне сәйкес болуына;

- терминнің лексикалық, грамматикалық тұрғыдан дұрыс болуына;

- терминнің қазақ халқының дүние танымдық, мәдени болмысын танытуға уәжд іқызме тету деңгейіне;

- салалық терминің дефинициясының ашылуына;

- терминнің барынша сөз тіркестерінен емес жеке сөздерден жасалуына;

- тиісті саладағы жоғары қолданыс деңгейінің ықтималдығына ерекше мән береді.

Байқауғақатысушыларғақойылатынталаптар:

- байқауға 18 жастанасқаназаматтарқатысаалады.

- байқауға қатысушы өзін таныстыру парағын көрсетілген электронды адреске белгіленген уақытта жолдауы тиіс.

Байқауқорытындысы

Байқау қорытындысы 20 сәуірде https://tilalemi.kz/ сайтында жарияланады.

Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешіміне сәйкес электрондық үлгідегі диплом, алғыс хатпен марапатталады.

 

Байланыс телефондары: 87172204541, 87017950243, 87752816206.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар