КӘМШАТ ТАСБОЛАТ: Бастысы - мықты маман болу ғой!

997

Неткен патриархалды қоғамда өмір сүріп жатырмыз?! 🤦‍♀️"Ойбай, қалай басқарады", "Бәлкім көзді үйрету үшін", "Тұңғыш рет әйел облыс әкімі болған ба", бла-бла-бла...

Осы күнге дейін 18 млн халық болсақ та, басымыз бірікпей, ұлтқа, дінге, ағымға, руға, жүзге, т.б. бөлінгеніміз аз еді, енді жынысқа бөлініп, еркек-әйел боп бөлініп отырайық... Сол-ақ қалды! Еркек пе, әйел ме, бәрібір емес пе? Бастысы - мықты маман болу ғой! Журналистикаға кеше келмедім, кейбір министр-депутат, әкімдеріңнің қандай екенін іштей білеміз. Гүлшара Әбдіхалықовадан талай сұхбат алдым. Қарапайым, кішіпейіл, елге жақын. Бір қызықты айтайын, біздің әкім, депутат, министрлердің баспасөз-қызметтері (бәрі емес, әрине) кейде өз басшыларына журналистерді, ал сол арқылы халықты жақындатпайды. Маңдайларына "без комментариев" деген жазуды қадап алған. Ресми хат сұрайды, ол дегенің "ары жүр...." дегені... Заң талаптарына сәйкес, журналист сұрақтарына жауап беру мерзімі де ұзақ. Қазіргідей ақпараттық заманда, таңғы жаңалық кешке дейін "ескі, көне" ақпарат боп кететін заманда, бұлардың ырбиып отыратыны қызық... Содан елді фейк-ақпарат жайлайды. Елде дүрбелең болады. Енді-енді бұл салаға орта буын барып жатқан соң, оң өзгеріс байқалады. Бірде Гүлшара Әбліхалықованың жеке ұялы телефонына соқтым, ізетпен жауап берді, сұхбатқа келісті. Министр болған тұсында! Алдында әріптестеріміз бір еркек-министрге хабарласқан ғой, сөйтсе ол "Маған бас редактор, БАҚ басшысы дәрежесіндегі адам ғана хабарласуы керек" депті-міс... Өкінішке қарай, кейбір лауазымды тұлғалар өзін халықтың уәзіріндей сезінбейді. Содан "мен де халықпен біргемін" дегенді дәлелдеу үшін постановка-суреттерді жариялайды: "әкім автобуста (ОMG!), жанында оққағарлары... 😅Сондықтан мықты маман, кішіпейіл тұлға, әдемі келіншек Гүлшара ханымға сәттілік тілейік!

Пікірлер
Редакция таңдауы