28 санының құдіреті

1601

(Мақала Әдемау Толысбаеваға арналады)

 

Адам біткеннің ой-санасында сөлекет, қара сөзден бұрын сан көш бастап тұрады. Оған Пифагор заманында жасалған тағдырнама кестесі, математика ғылымы, нумерология саласы тіптен санап түгесе алмайтын есеп-қисап,  тиын-тебеннен тұратын, кәдуілгі өміріміз айтпасақта дәлел.

Әсіресе қазақ ұлттық танымында, (қазағың не) әлем түсінігінде 1,2,3,5,7,12,13 секілді сандардың орны бөлек. Мәселенеки, қазақ 7 санын қасиетке телісе, орыс ұлты 13 санын сәтсіздікке балаған. Қытайлықтар 4 санын бір сұмдықтың белгісі деп санап, атың айтуға тыйым салған. Тіптен аспан асты елінің азаматтары 4 қабаттың өзің 3 а қабаты дейтін көрінеді.

Қызық, ә?! 28 дегенде – жалғыз-жарым сүйенетініміз шексіздіктің белгісіне айналған 8 саны. Одан басқа іліп алар не ұлттық рең, не ғылыми тұжырым жоқ секілді көрінеді. Алайда 28 санында сіз бен біз біле бермейтін киелі мән, жұрт жасырған құпия жатыр.

Мәселен, киелі 7 санына дейінгі сандарды бір-біріне қоссақ, 1+2+3+4+5+6+7=28 болады екен. Қарап тұрсаңыз, саусақ буындарымыздың да саны 28. Яғни бұл бұрынғы 1 айдың ұзақтығына тең. Осылайша қазақ ғұламалары 28 санын ерек санға балап, жаратылысқа сай өте дәл, асқан шеберлікпен күнтізбе жасаған. Ол, ол ма? Сандардың қадір-қасиетінің құпиялары жайлы Құран Кәрімдегі деректе 28 санының мәні «шексіз», «қайту» деп берген.

Ал ата-бабамыз сандық жүйені әріп арқылы меңгерген. Ол қалай десеңіз, біз қолданып жүрген дыбыстық таңбаларда, адамның дүниеге келудегі ретін, орнын алғашқы әріп арқылы көрсетуді ұсынған. Әз бабаларымыз ұсынған 1-А, 2-Ә, 3-Б, 4-Г, 5-Ғ, 6-Д, 7-Е, 8-Ж, 9-З, 10-И, 11-Й, 12-К, 13-Қ, 14-Л, 15-М, 16-Н, 17-Ң, 18-О, 19-Ө, 20-П, 21-Р, 22-С, 23-Т, 24-Ү, 25-У, 26-Ұ, 27-Һ, 28-Ш, 29-Ы, 30-І  дыбыстық таңбаларында адамның туған күніне қатысты ғажап сыр жатыр. Демек 28-де дүниеге келгендердің ғұмыры «шындық», «шаңырақ», «шексіздік», «шешім» секілді ұғымдардан құралады.

Тіптен адам ғұмырының 3 кезеңінің алғашқысы 28 жасқа дейінгі ғұмыр. Бұл кезде адамның балалық, бозбалалық шағы артта қалып, салиқалы кезеңге аяқ басады.

Ал Қытай ғалымдары нумерологиядағы өз болжамдарын былай дейді: 1 саны – ар мен ұтыс, 2 – жеңілдік, 3 – өсу, 4 – өлім, 5 – жоқтық, 6 – байлық, 7 – белгісіздік, 8 – өркендеу, 9 – көп жасау.

Яғни қытайлықтар 28 - нөмерлі үйге ақша жеңіл жолмен келеді десе, 58 өркендеудің, алға жылжудың жоқтығын білдіреді дейді. Тіпті 2828 нөмерлі үй тозығы жетіп тұрса да оны сатып алушылардың санында шек болмайды екен. Себебі 8 – қытайша “фа” – «байлық» (сәттілік, гүлдену) дегенді білдіреді. Сондықтан осы сандардан тұратын телефон мен машина нөмірлері сәттілік әкеледі деп сенеді. Қытайлықтар жақсылыққа ырымдап екі мен сегіздің қатысуынан тұрған 8.08.2008 күні кешкі сағат 8-де Пекинде 28-шы жазғы Олимпиада ойындарын бастаған. Иә, қалай тартсаңда, 28-жақсылықтың белгісі.

Қазақ халқы да қытайлықтар секілді математикамен тығыз байланысты сала нумерологияға бей-жай қарамаған. Мысалы айдың 28-де тусаңыз: 2+8=10; 1+0=1.

1 саны. Егерде Сіздің ғұмыр жасыңыздың бір кезеңі 1 санына тұспа-тұс келетін болса, бойыңызда сенімділік, бастан сөз асырмайтын шамшылдық сезімі бар. 1 санының иелері үнемі ізденіп, талпынып, өсу, жетілу үстінде өмір сүреді. Айдың бірінші күні ме, аптаның бірінші күні ме маңдайына 1 саны жазылғандарға жақсылық сыйлайды. Осы күндері бір іске кіріссеңіз, сапарға шықсаңыз, соның бәрі сәтті аяқталады.

Ал екінші гипотеза төмендегідей өрбімек. Мәселен, Сіз 28.03.1975 жылы дүниеге келсеңіз: 2+8+0+3+1+9+7+5=35 3+5=8

Яғни қазақ нумерологтарының болжамы бойынша ««8» санының астында жарық дүниеге келсеңіз, қолдаушыңыз Меркурий планетасы. Осы жебеушілеріңіздің арқасында қалтаңыз толы ақша, өмірде жолыңыз болып, үлкен табыстарға қол жеткізесіз. Бай бола тұра дүниеқоңыз, ақшаның құлы болмайсыз. Егер жақын адамдарыңыздың басына күн туса, алдымен қол созатын өзіңіз...»-дейді.

Тіптен ең танымал тұлғалардың туған күні де 28 санымен тұспа-тұс келеді.

28 қыркүйек – Мұхтар Әуезов, Оралхан Бөкей, 28 ақпан–Жамбыл Жабаев, 28 желтоқсан–Қажым Жұмалиев, 28 қараша –Жұмекен Нәжімеденов, 28 қазан–Роза Рымбаева, 28 наурыз–Ян Амос Коменский, орыстың атақты жазушысы Максим Горький және абыройы асқақ ХҚТУ нің білікті маманы, абыройлы ұстаз Әдемі Толысбаева, жас ақын Батырхан Сәрсенхан есімді Тәңірдің тәбәрігіне ие болғандар дүние есігін ашқан.

Ал бүгін 28-наурыз–әлемдік тарихшылар күні.

Яғни әр адамның қарым-қабілеті, қасиет-дарыны, тағдыры туған күнімен тікелей байланысты. Егер сіз, 28-де дүниеге келгендердің қатарынан болсаңыз, өмірім тек бақыт пен шаттықтан тұрады деп ойлай беріңіз.

Себебі 28 санында сіз білмейтін сыр жатыр...

 

Ақгүл АЙДАРБЕКОВА,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы