Уа, Түркістан облысының әкімдігі бұл ақша жымқырудың жолы ма?

1689

Дәл осы екінші оқиғам Жетісай жақтан естіп жатқан!

Түсініксіз жағдай орын алып жатыр.

Ал, достар, мына фейсбук әлемінің игі жақсылары. Жаппай халыққа келіп жатқан мына коронавирус дегенге сенбейін десең сенетіндей, сенейін десең сенбейтіндей неше түрлі жағдайлар орын алып жатқанын сырттай оқып, жаңалықтардан көріп қана жүрген жайым бар еді. Бірақ бүгін екі кештің арасында коронавирусқа қатысты орын алған оқыс жайт төбемізден түскендей жағамызды ұстатты.
Біз Түркістан облысы, Жетісай ауданының Атамекен ауыл әкімшілігіндегі шағын ғана ауылында тұрамыз. Яғни, қиыр оңтүстіктенбіз.Кешкілік аяқ астынан інімді іздеп ауылдық фельдшерлік пункттің медсестрасы хабарласты. "Тыныштық па?" деген сұраққа "ініңіз Еркінді облыстан іздеп жатыр екен, қазір аудандық СЭС тен адамдар келе жатыр " деді. Әне-міне дегенше Жетісай ауданының СЭС қызметкері эпидемиолог бас маман Зулиев Сәрсенбек деген кісі (қасында бір медқызметкері бар) және әкімшіліктегі амбулаториялық орталықтың бас дәрігері Қазыханов Сапарбек, дәрігер Батманова Роза бар, барлығы келіп інімді алып кетуге облыстық денсаулық сақтау департаменті ме, денсаулық сақтау басқармасы ма, әлде коронавирусқа байланысты штаб орталығы ма (түсіне алмадым) сол жақтан інімнің данныйлары жазылған бұйрық келгенін, інімнің "Алматы-Атырау" бағытындағы поезда коронавирус жұқтырған науқаспен бірге келгендігін, сондықтан оны оқшаулау орталығына алып кететіндігін айтқанда біз ештеңе емес, көрші көлемге дейін шок болдық!
Қалайша дейсіз бе? Мәселенің мәні осыда болып тұр. Менің інім маусым айында 10-15 күндей Алматыға бір шаруаларымен барып қайтқан. Онда да Жетісай- Алматы бағытындағы автобуспен. Одан кейін ешқайда шықпаған. Одан бері он айдың көлемі болды. Үйде тек малға қарап, егіншілікпен айналысатын адам сол. Алматы түгілі мынау тұрған Жетісайға шығуы екіталай. Аудандық СЭС қызметкері Зулиев Сәрсенбекке "бұл қалай болғаны, қандай негіздемеге сүйеніп кеп тұрсыздар, нақты қай күні, қай сағатта жүрген поезда келген?" деген сұрағымызға жауап бере алмады. Бар бітірген шаруасы "мен мына баланың ауылдан шықпаған екеніне сенің тұрмын, бірақ жоғарыдағылар сенбейді. Мен бұйрықты орындаушымын, дегенмен, көмегім болсын көршілеріңізді шақырып тілхат алайын, облысқа жіберемін " деді. Жан- жақтан көршілерді шақыртып сұрады болмаған соң. Інімнің ауылдан шықпағанын бүкіл ауыл біледі десем артық айтқандық емес. Алақандай ауыл ғой. Көктемгі егіс науқаны қайнаған кез. Алматы-Атырау поездына Алматыға барып мінбек түгілі таңда кеткеннен кешке зорға жетеді өз үйіне. Айтқанымызға көнбей Жетісай аудандық СЭС қызметкері шақырған жедел жәрдем көлігімен Шардара қаласындағы оқшаулау орталығына алып кетті ықтиярсыз. Бұл қалай болғаны сонда деп біз қалдық.
Інім он айдың көлемінде ешқайда шықпаған, ешқашан паспорт жоғалтпаған. Темір жол билеттері оригинал паспортсыз қалай беріледі? Поездға мінгенде неге тексерілмейді? Жауап жоқ.
"Карантин басталғаннан кейін мінген поездға" дейді алып кетуге келгендер. Айналайындар ау, карантин кеше 16.03. нен басталса, бұл бала он айдың ішінде ешқайда шықпаған ғой. Келген СЭС қызметкері бала мінген поездың нақты күні, сағатын айт десек, облыстың бұйрығы дегеннен басқа ештеңе айта да, көрсете де алмады. Бұған кім жауап береді? Білетіндеріңіз бар ма? Айдалада, тоғыз жолдың торабы да емес бір шеттегі, шалғай ауылда өз бетінше жүрген адамды (Алматы, Астанада жұмыс істеген болса да мейлі дер едік) Дәл мынадан кейін коронавирус бар дегенге сенудің өзі қиын сияқты. Ешқандай негізсіз, ешқандай нақты дәлелсіз адамды алып кету дегенге түсіне алмадым. Әлде үкіметтен бөлініп жатқан миллиондар мен миллиардтарды "іске асыру" жолындағы "плановый" көзбояушылық па?
Нұрсұлтан-Жетісай бағытындағы автобустың жыры кеше айтылып жатты. Қайда тоқтағаны, қай жерден қанша адам түскені т.б барлығы осы желіде жазылды. Егер шынымен "Алматы-Атырау" бағытындағы поезд болса, онда коронавируспен ауырған науқас келсе, аты жөнін айтпаса да неге Алматы Жетісай бағытындағы автобус сияқты жалпылама ақпарат берілмейді?
ҚР денсаулық сақтау министірлігі, Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы департамент т.б тэгтелмей жатыр. Достар, білетіндер болса тэгтеп жіберіңіздерші, өтініш.

Айгүл Орынбектің Фб парақшасынан

Пікірлер
Редакция таңдауы