Мемлекеттік хатшы Қызылорда қаласында Достық үйінде болды

509

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова  Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барып, Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларға қатысты.

Сол күні Мемлекеттік хатшы бірқатар әлеуметтік нысандардың қызметімен танысты, сонымен қатар Достық үйіне барды.

Шара барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен, этномәдени бірлестіктер мен "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысының жетекшілерімен және белсенділерімен кездесті.

Сондай-ақ Достық үйінің қызметімен танысты. "Қазақстанның 100 жаңа тұлғалары" жобасының жеңімпазы Сымбат Абдрахманованың "Сиқырлы кілт" мультипликациялық фильмінің көрсетілімі өтті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы