Қызылорда қаласында 143 отбасы баспаналы болды

452

Қызылордада 143 отбасына пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі. Наурыз айының басында облыс көлемінде орналасқан жатақханалардың жағдайын зерттеу үшін арнайы комиссия құрылған болатын. Аталған комиссия Қызылорда қаласында орналасқан 22 жатақхананың жай-күйін зерттеу барысында Титов қыстағындағы №32 жатақхана ғимаратын апатты деп таныған. Осыған сәйкес, бұл жатақхананың тұрғындарын жаңа баспанамен қамту мақсатында шұғыл шаралар қабылданды. Жаппасбай батыр көшесіндегі жаңа тұрғынауданнан 3 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, басындағы жалғыз баспанасы апатты ден танылған 143 отбасына пәтер кілті  табысталды. Жаңа баспана иелерін құттықтау үшін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев салтанатты шараға арнайы қатысып, өз қолдарымен пәтер кілтін үлестірді. Тегтер: Қызылорда қаласы баспана пәтер кілті берілді inbusiness.kz-ті қараңыз, оқыңыз : inbusiness.kz-ті қараңыз, оқыңыз Telegram 7-20-25: Ақтөбеде алғашқы жарна екі есеге азаймақ Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе «7-20-25» бағдарламасы бойынша бастапқы жарнасы азайған екінші аймақ болып отыр. Бұған дейін Шымкент қаласында «Жас Арман» және «Қамқор Баспана» өнімдері пилот ретінде іске қосылған еді. 14 Қыркүйек 2018 18:15 959 Ақтөбе облысында «7-20-25» бағдарламасының аясында «Жас арман» және «Қамқор баспана» өнімдеріне қосылды. Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен «Баспана» ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков тиісті меморандумға қол қойды, деп хабарлайды «Баспана» Ипотекалық ұйымының баспасөз қызметіне сілтемемен 24.kz.  Осылайша, жас отбасылар мен Ақтөбе облысының бюджеттік сала қызметкерлері «7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтер құнының 10%-ын ғана төлеп, үй алу мүмкіндігіне ие болады. Меморандумға сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі аталған азаматтарға бастапқы жарнаның жартысын төлеуді өз мойнына алады және осы мақсатқа 2 млрд теңге бөледі. «Ақтөбе облысының әкімі мен «Нұр Отан» партиясына бастапқы жарнаны азайту бойынша әлеуметтік бастамаларды қолдағаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Облыс қарқынды дамып келеді және «7-20-25» бағдарламасына қатысушылардың саны бойынша көшбасшылардың бірі. Қазіргі уақытта біз «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып, еліміздің басқа өңірлерінде де осы бастамаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз», - деді «Баспана» ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков. Астана әкімдігі баспана алуға әлеуметтік көмек көрсететін жаңа бағдарлама әзірледі Көмекке ие болу үшін азаматтың мемлекеттік қызметте кем дегенде 5-7 жыл жұмыс істеген болуы керек. 12 Қыркүйек 2018 18:03 716 Астана әкімдігі баспана алуға әлеуметтік көмек көрсететін жаңа бағдарлама әзірледі, деп хабарлайды Astana TV. Бағдарлама аясында мұғалімдерге, дәрігерлер мен тәртіп сақшыларына құны 1 миллион теңге болатын сертификат беріледі. Шарт бойынша, көмекке ие болу үшін азаматтың мемлекеттік қызметте кем дегенде 5-7 жыл жұмыс істеген болуы керек. Бағдарлама арқылы қалалық қызметтегілердің жоғары білікті мамандар корпусын құру көзделіп отыр. Алғашқы кезеңде 10 мың пәтерді беру жоспарда тұр. Кейін 20 мыңға артатын болады. Үміткерлер елордада жаңадан бой көтерген үйлерге қоныстандырылады. Жоспарға сай, 1 шаршы метрінің бағасы 230 мың теңгеден аспауға тиіс. Қазір Астананың денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істейтін 17,5 мың қызметкердің 5 мыңдайы баспанаға зәру. Үйге мұқтаж тағы 9 мың адам білім беру саласында еңбек етеді. 4 мың тәртіп сақшысының 3 мыңға жуығы баспаналы болуды армандап жүр

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы