Алматы қаласының бюджеттік алымы біршама азайды

30

Бүгінгі күні Алматыда негізгі көрсеткіштер бойынша өсім динамикасы қалыптасқан. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында ІӨӨ алдын ала жасалған мәлімет бойынша 3%-ды құрайды. Бөлшек сауда 6,8%-ға, өнеркәсіп 4,7%-ға, байланыс 4,9%-ға, тұрғын үй салу 15,6%-ға артқан. Өткен жылдың осы кезеңінде аталған салалар бойынша көрсеткіштер төмен болған еді, деп хабарлайды almaty.gov.kz. Республикалық бюджетке 7 айдың ішінде 705,3 млрд теңге түсті, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 54,9 млрд теңгеге көп. Инвестиция көлемі 235,7 млрд теңгеге жетіп, өсім 12,2% болды. Негізгі өсім жеке инвестиция үлесінің 84% болуы арқасында қамтамасыз етілді. Биылғы жылы экономикаға тартылған мемлекеттік инвестиция көлемі 139 миллардтан 160 млрд теңгеге жетті, жергілікті бюджеті ауқымы артып, 101 млрд. теңгеге ұлғайды. Атап өтерлік жайт, Алматыда өткен жылы табыстар бойынша жергілікті бюджет 12,2 млрд теңгеге, республикалық бюджет 102,6 млрд теңгеге артығымен орындалды. Дегенмен, бюджет алымы жылдан жылға өсіп отырған. Алматы еліміздің ең ірі мегаполисі екенін әрі көп инвестицияны қажет ететінін ескерсек, 2017 жылы қаланың бюджеттік алымы біршама азайды. Тегтер: Алматы қаласы инвестиция жылдық көрсеткіш inbusiness.kz-ті қараңыз, оқыңыз : inbusiness.kz-ті қараңыз, оқыңыз Telegram Австриялық компания Алматының тау кластерін дамытудың шеберлік-жоспарын жасады Туризм саласын дамыту мақсатында өңірдің барлық тау локациялары қамтылатын болады. 22 Қаңтар 2019 17:38 487 Алматы әкімдігінің тапсырысы бойынша Австрияның Master Concept компаниясы мегаполис айналасы мен алматылық агломерацияның 2030 жылға дейінгі тау кластерін дамытудың шеберлік-жоспарын жасады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Туризм саласын дамыту мақсатында өңірдің барлық тау локациялары қамтылатын болады: Түрген, Ақ Бұлақ, Oi-Qaragai Lesnaya Skazka, Табаған, Бутаковка, Пионер, Көкжайлау, Шымбұлақ және Қаскелең аймақтары кіреді. «Master Concept» компаниясының бас директоры Гернот Ляйтнер өзінің сөзінде алматылық өңірдің тау кластерінің туристік потенциалының өте жоғары екенін айтты. Шеберлік-жоспар аясында 470 км соқпа және 85 км велосипед жолдарын, 45 км атпен жүру бағыттарын, 250 км шаңғы трассаларын дамыту қарастырылған, бұл трассалардың ағымдағы ұзындығынан 6 есе көп. Алматы қаласында «7-20-25» бойынша жыл соңына дейін 600 пәтер беріледі 07 Желтоқсан 2018 17:50 460 Алматы қаласында «7-20-25» бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 600 пәтер беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді, деп хабарлайды ortcom.kz. «7-20-25» бойынша жалпы сомасы 10,9 млрд теңге болатын 843 пәтер несиесі мақұлданды. Бұдан басқа ағымдағы жылдың аяғына дейін бағдарлама талаптарына сәйкес келетін 600-ден астам пәтер пайдалануға берілмек. Ал «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында биылғы жылы 4 800 отбасы жаңа пәтер алады, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 20%-ке артты», - деді Бауыржан Байбек.  «Нұрлы Жол» бағдарламасының аясында 4 200 жұмыс орны құрылып, 111 шақырым инженерлік желі жүргізілді Сондай-ақ, 28 әлеуметтік тұрғын үй және 2 мектепке қосалқы ғимарат салынған. «Бұл бағдарламалардың барлығы ел экономикасын нығайтуға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған. Нәтижесінде, осы жылдың өзінде 29 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, 2 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуде», - деп атап өтті. Сонымен қатар, соңғы 3 жылда 800 км инженерлік жүйе жөнделіп, 500 шақырымға жуық жол салынды және жөндеуден өтті.

  "Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер