Шымкенттегі науқас үшін автобус жүргізушісі жазаланбақ

3323

"Нұр-Сұлтан - Шымкент" бағытындағы  автобусының жүргізушісін  коронавирус жұқтырған адамды тасымалдағаны үшін  әкімшілік жауапкершілікке тартады, деп хабарлай tengrinews.

"Карантиннен кейін автобус жүргізушісі әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 571-бабына сәйкес жазаланатын болады. Бұл жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу болып саналады. Қазір аталған автобустың жүргізушісі карантинде",-деп түсіндірді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

24 наурызда Шымкентте коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алғашқы оқиғасы анықталды. Науқас қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Ер адам 20 наурыз күні Халықаралық автобуспен Нұр-Сұлтаннан келген. Қазір осы автобустың 16 жолаушысы іздестірілуде.

25 наурызда Шымкент қаласында коронавирустық инфекцияның екінші оқиғасы тіркелді. 1970 жылы туған әйелдің талдаулары оң нәтиже көрсетті. Кейін Шымкент автовокзалдарының жұмысын тоқтатқаны белгілі болды.

Пікірлер