Алматы көшелері дезинфекциялануда

895

ҚР Қарулы Күштері биологиялық қорғау бөлімшесінің жеке құрамы қалалық дезинфекция қызметімен бірге Алматы  қаласындағы көшелерге сақтандыру шараларын жүргізіп жатыр. 24 наурыз күні басталған дезинфекция жұмысы осы сағаттарда аяқталды.

Дезинфекциялық ерітіндісі бар арнайы құралдармен жабдықталған әскери қызметшілер мен автомобилдерь легі қаланың бірнеше ірі көшелерін, ауруханаларын, базарларларын, вокзалдар мен мектептерді, сондай-ақ,  балабақшаларды да дезинфекциялады. Негізінен залалсыздандыру жұмыстары көбіне инфекцияның таралу мүмкіндігі жоғары жерлерге жасалуда.

Айта кету керек, дезинфекциялау жөніндегі іс-шаралар коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі жедел штаб пен Қарулы Күштердің өзара бірлескен іс-қимылы бойынша жүзеге асырылады. Арнайы өңдеуге арналған аумақтарды жергілікті атқарушы органдар анықтайды. Жеке құрам мен әскери техниканы жұмыс барысында әскери полиция өкілдері алып жүреді.

Бүгінгі күнге дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында індет жұқтыру қаупі бар 80-нен астам нысан дезинфекцияланды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 23 наурызда Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін көшелерді дезинфекциялауға тарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес ірі елді мекендерде осындай жұмыстар ұйымдастырылған. Атап айтқанда, әскери қызметшілер тиісті жергілікті атқарушы органдардың жоспарлары бойынша Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Тараз және басқа қалаларда дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Бұл күндері Қорғаныс министрлігі биологиялық қорғау бөлімшелерінің санын ұлғайту жұмыстарын жасап жатыр.

Жазып алған  Жасұлан Наурызәлі,

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер