Макгрегор коронавируспен күрес үшін миллион еуро береді

2988
Adyrna.kz Telegram

Ирландиялық файтер Конор Макгрегор өз еліндегі ауруханаларға коронавируспен күрес үшін бір миллион еуро береді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Макгрегор Twitter желісіндегі парақшасында Ирландия қаржы министрі Паскал Донохьюмен сөйлескен суретін жариялады. Сонда ол Лейнстердегі (Ирландия шығысындағы провинция) ауруханаларға миллион еуро беретінін айтқан. Айта кетейік, бұған дейін "Барселона" футбол клубының шабуылшысы Лионель Месси мен англиялық "Манчестер Ситидің" бас бапкері Хосеп Гвардиола коронавирус эпидемиясына күреске Барселонаға бір милллион еуродан берген болатын. Криштиану Роналду мен оның агенті де коронавирусқа қарсы қайырымдылық жасады - олар Лиссабон мен Портудағы вирус жұқтырған науқастар терапиясының жаңа үш бөлімшесін қаржыландырды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер