Шымкент қаласына кіретін автожолдарда 12 блок бекеті қойылды

3284
Adyrna.kz Telegram

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Шымкентте сақтық шаралары күшейтілуде. Бұл бағытта Шымкент қаласына кіретін-шығатын автожолдарда 12 блок бекеті қойылды.
Қазіргі таңда Шымкенттегі полиция мен медицина қызметкерлері күшейтілген режимге көшті. Коронавирус індетіне қарсы мамандар әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуын өлшеп, тексерістен өткізіп жатыр.
Блок бекеттерге тоқталсақ, олар: Ақжар, Жылан бұзған, Абдулабат, Өтеміс шапырашты, Қызылсу, Мәртөбе, Сиқым ауылы (А-2 айналма жолы), Бозарық айналма жолы, Қайнарбұлақ саяжайы, Бадам айналма жолы, Көкбұлақ, Бадам көпірі маңы.
Бұл бекеттерде полиция, дәрігерлер, жедел-жәрдем, төтенше жағдай қызметкерлері тәулік бойы қызмет етеді. Сақтық шаралары ең алдымен қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Блок бекеттерде медицина мамандары халықты ақпараттандыру, азаматтардың қозғалысын бақылап, дәрігерлер жолаушылардың дене қызуын өлшейді. Қауіптің алдын алу мақсатында қолға алынған жұмыстар барысында полицейлер мен дәрігерлер қаланың сыртындағы 12 Блок бекетте күшейтілген режимде жұмыс атқаруда.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер