Үйіңде бол!

592

Үйіңде бол, қарағым үйіңде бол.
Елдік ортақ ниетте, пейілде бол.
Жүрер жолың аулаңнан әрі аспасын
Салғың келсе келешек кейінге жол.

Үйіңде бол, босқа айып тақпа жаным.
Жақсылықтың күт тосып хат хабарын.
Сен өзіңнің сақтасаң өміріңді,
Өзгеніңде өмірін сақтағаның.

Құлаққағыс менікі таныс ақыл.
Дұға тілеп тәңірін таныса құл.
Дәрігерлер өмірмен күресуде,
Сен өзіңмен өзің боп алыса тұр.

Елге болса махаббат, сезім тұнық,
Ерлер өрге озады тез ұмтылып
Жүре бермей кең байтақ жеріңді ойла,
Жүргендер көп жеріңе көзін тігіп.

Үйіңде бол, үйіңде бол қарағым.
Қаламасаң қайғы бұлт торлағанын.
Қорғай алсаң басыңды сол болады,
Ұлан ғайыр жеріңді қорғағаның!

Марат Ахметов

Пікірлер
Редакция таңдауы