Дәрігерлік құпия қайда?

1078

Бүгін кешке әлеуметтік желі қатты  дүрлікті. Аты өшкір короновирус Шымкенттен шықты.
Бізді  дәрігерлік құпияның бұзылып, науқастың аты-жөнінің короновируспен бірге әлеуметтік желіні шарлауы ашындырып отыр.
True story kz Telegram арнасында Алтай мен Атырау арасына лезде: "Удивляет, что имя шымкентского больного Маулен Канат Мырзақұлұлы слили по соцсетям, нарушив врачебную тайну, но видимо другого оперативного способа найти контактных нет. Звоните 1406, если встречались с ним.

@truestorykz. " - деген хабар тарады.

Осы жазбаның астына одан әрі " Первый диагностированный случай COVID-19 в Шымкенте обнаружен у 24-х летнего парня, прибывшего 20 марта автобусом из Нур-Султана.

Состояние больного средней тяжести, дыхание ослаблено. Находится в ГИБ Шымкента.

В группе риска медработники, контактные в селе Жанаталап, междугороднем автобусе и контактные в столице.

Рекомендация: закрыть Шымкент нао карантин.

@truestorykz" деп науқастың бүкіл мәліметін салыпты.

Кейбір әлеуметтік желі қолданушылары толық ақпаратты жариялағаны дұрыс деген пікір қалдыруда.
Олардың ойынша, науқаспен араласқан адамдарды жылдам табуға көмектеседі екен-мыс.
Билік халыққа шынымен  жаны ашыса Нұр-Сұлтан мен Алматыны халыққа ескертпестен жабу керек еді. Екі күннен кейін жабамыз деді. Тағы екі күнге созды. Халық болса "қашқалы тұрған қоян еді, тәйт деген соң не сорымның" кебін киді.
Науқасты қаладан жіберіп алып, артынан іздегендері қай сасқандары? Тәжтажалмен ауырды деген науқас Нұр-Сұлтаннан Шымкентке автобуспен келіпті. Қалаға кірген автобустар мен көліктерді неге тексеріп кіргізбеген?
Ол баланың аты-жөнін айтуға кім құқық берді? Дәрігерлік құпия қайда қалды? Құпия ақпаратты таратқандарды жауапқа тарту керек. Сол баланың орнына немесе туысының орнына өзіңізді қойып көріңіз.
Гиппократқа берген ант қайда қалды? Дәрігерлік құпия бойынша науқастың аты-жөні тұрмақ, диагнозын да жариялауға болмайды. Кейбір ағайын "ауырғандардың аттарын атамаса халық сенбейді" деген пікірде. Сену-сенбеу әркімнің еркіндегі шаруа емес пе? Құзырлы орындар жалған ақпарат таратқандарды ғана емес, оындай заңға қайшы ақпараттарды таратушыларды да жүгендегені дұрыс. Әйтпесе, Еуропадан ұшып келген бай-бағланның аты аталмайды да, қаладан ауылға автобуспен жеткендердің аты-жөні неге интернет шарлап кетуі керек?
                                                                                                                                 Оңғар Қабден,
                                                                                                         "Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы