Несіп Жүнісбайұлы: Олимпиада жайлы ойлауды тоқтату керек!!!

147

Осы бір жол сөзді жазу маған оңай болған жоқ! Ғұмыр бітіп қалмай тұрып тағы бір Олимпиада көруді тұңғышым туғандай армандап жүрген маған өз арманыма мұндай "сот шешімін" шығару қандай ауыр! Бірақ, мына індеттің түрі жаман, көзі қып-қызыл, араны айқара ашылған. Бұл кезеңде Олимпиададай қызық көрейік деу мұсылмандық та емес,адамгершілік те емес, азаматтық та емес! Бұл індетті де қыруар адамды қырғын қылып барып, жеңерміз, ауыздықтармыз. Қанша дегенмен ХХ ғасырда емес,ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз ғой. Бірақ әлемдегі соншама адам өлімінің ызғары басылмай жатып, соншама өлікті таптап өтіп, "Олимпиадаға кеттік!" деп тұра жөнелгеніміз ақылға сия ма?! Бұл Бүкіләлемдік індет кезінде дүрілдетіп той жасағанмен пара-пар ғой! Бұл жарты жылда спортшылар дайындалмақ түгілі стадионның көлеңкесін де көрген жоқ қой? Маған ісі ұнап жүрген ХОК президенті Томас Бахтың "Токиодағы Олимпиаданы биыл қайтсем де өткіземін!" деп өзеуреуі зор қателік! Тіпті індет 2-3 айда ауыздықталғанмен, бір күнде жер бетінен жойыла салмайды ғой! Ол 13-15000 адамды бір жерге жинаған кезде лап етіп қайта тұтанса қай бетімізді айтамыз?! Қазақша айтсақ "күлкімізді тия алмаймыз ғой!" Сондықтан, дәл бүгін ОЛИМПИАДАНЫ ОЙЛАУДЫ ТОҚТАТУ КЕРЕК!!! Бұл менің достарыма да ҚР Ұлттық Олимпиадалық Комитетіне де айтар азаматтық, қайраткелік сөзім! Біздің ҰОК-і өзге ақылды мемлекеттерге қосылып, Олимпиаданы келесі жылдарға шегеруге үн қосуы керек деп есептеймін!!!

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер