АҚШ-та бір күнде 8 мыңнан астам адамнан коронавирус табылды

3162
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-та бір күнде 8 мыңнан астам адамнан коронавирус табылды. Бұл бұрын-соңды болмаған жоғары көрсеткіш. Бір күн ішінде 112 адам инфекциядан қайтыс болды. Елде вирусты жұқтырғандар саны 32 мың адамға жетті. Осылайша АҚШ вирус көп табылған әлемдегі үшінші мемлекетке айналды. Нью-Йорк, Вашингтон және Калифорния тұрғындарынан вирус көп табылып жатыр. Эпидемия басталған уақыттан бері елде 400-ден астам адам көз жұмған.

Президент Дональд Трамп, вице-президент Майк Пенс те тестен өткен. Олардан вирус табылмады. Коронавирус сенатор Рэнд Полд мен екі конгрессменнен анықталды.

"Америка дауысы" сайтының жазуынша, АҚШ-тың азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасын санитарлық бақылау жөніндегі басқарма (FDA) короонавирусты 45 минуттың ішінде анықтайтын алғашқы жылдам тестті мақұлдаған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер