Мұнай тағы арзандап кетті

788

Әлемдік нарықта Brent макарлы мұнай бағасы 25,41 долларға, WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 3 пайызға, барреліне 21,95 долларға дейін төмендеді.

Қара алтынның осынша құнсыздануына нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың сай келмеуі әсер етуде.  Мұндай жағдай соңғы 2008 жылдың желтоқсанынан бері болған емес.

Brent маркалы мұнайдың бағасы ОПЕК + мәмілесі құлағаннан кейінгі алғашқы жұмыс күнінде бір баррель үшін 31,43 долларды құрап, үштен бірге төмендеген болатын.

Goldman Sachs институты мамандарының  айтуынша, бұл баға соғысы мұнай нарығының тарихындағы ең нашар баға.

«Мұның арты экономикалық  дағдарысты ұлғайтады",- дейді Rystad Energy сарапшысы Бьорн Тонауген.

Пікірлер
Редакция таңдауы