Қазақтардың әйгілі үш империясы

1745

Қазақтар  түркілердің «қара шаңырағын» ұстап отырған  ҰЛЫ ҰЛЫС.
Қазақ тарихына көз жіберер болсақ, ҚАЗАҚТАР жеке мемлекет болғанға шейін: Сақ, Ғұн, Түркі, Ұйғыр, Үйсін-Қаңлы, Түркеш, Қарлұқ, Оғыз, Хазар (Алшын) Қимақ, Найман, Қыпшақ, Татар т.б қағанаттар мен хандықтарды өткізген.
Барлық қағанаттардын бастауы мен гүлденуі, құлдырауы мен қирауы сайын далада орын алып тұрған.
Оған ішкі өзара тайпалық соғыстар әсер еткен.
Сырттан келіп ешбір мемлекет оларды жаулай алмаған.
Қағанатта қай тайпа мықты, солар өз қағанатын құрып,қағанат жұрты сол тайпаның атымен аталып отырған.

Немісте «рейх»-деген сөз бар,яғни «мемлекет»- дегенді білдіреді.
Ол сөзді айтуға жұрт «жүрексінеді» қазір.
Гитлер өзі құрған мемлекетті немістің «үшінші мемлекетін»-деуі содан.
Үшінші Рейх.
Түсінікті болу үшін айтсақ: Неміс мемлекетінің үшінші рет гүлденуі.

Сол секілді қазақ тарихында да сондай «гүлденулер» болған.
Соны қысқаша: Қазақтың Үш Империясы-деп қарастырайық.
Олар: ҒҮН империясы,ТҮРІК (Түркі) империясы және МАҢҒОЛ империясы (немесе Алтын Орда)

Әлқисса, сөзді әріден бастасақ:

Өздеріңізге белгілі қазіргі Моңғолия (қазақша: Маңғол) мен Алтай жерінде бір кездері Түркі тайпалары үстемдік құрағаны белгілі.
Олар өзара тайпалық бірлестіктерге бірігіп, сол арқылы мемлекеттерін де құрып отырды.
Біздің ежелгі тарихымыз туралы деректерді көп жағдайда Қытай жазбаларынан аламыз.
Олар ішінара нақты деректер бергенімен, көп жағдайда қытайға қарай бүйрегін бұрып тұрады.
Неміс Жұмысшы партиясының негізін салушы А.Дрекслердің сөзімен айтсақ:
«Тарихты жазатын жеңімпаздар..»
Қытай тарихшысы Сыма Цянь-ның (б.д.д 145-86 жж) айтуынша: Қытайдың солтүстік батысында Юэчжилер тайпалық бірлестігіт үстемдік етті.Олар «көшпенді Шығыс Сақ тайпалары еді»-деп көрсеткен.
Юэчжи тайпа бірлестігі Ғұндармен көрші тұрды.Ғұндар соларға тәуелді болса керек.
Ғұн көсемі Тоуман (Тұман) өзінің екінші ұлы Модэ-ні (Мөде) осы Юэчжилерге кепілдікке береді.
Жалынды, болашақ бәсекелес болады-ау деген қасқыр ұлы Мөде-ден құтылудың амалы осы деп білген.
Тату-тәтті тұру үшін,көшпенділер бір-біріне кепілдікке ұлдарын берген ғой.
Мөде кепілдіктен қашып шығып,әскер жинап б.д.д 209 жылы «әке тағын» тартып алады.
Осы МӨДЕ ханнан бастап ҒҰН-дар мықты мемлекет құрып,жан-жағындағы елдерді бағындыра бастады.
Жалпы Ғұндар бас қағанын «Тәңірқұт»- деп атаған ғой.
Яғни: Тәңірдің жіберген-Құтты!
Мөде тәңірқұт соғыс үстінде психологиялық әсер (соғыс айласы) етуді керемет қолданған секілді.
Мөде жауынгерлеріне «тесігі бар сүйектен» жебе жасауды қатаң тапсырған.
Ондай жебелер атқан кезде «ысқыратын» болған.Ғұндардың «ысқырған жебесінен» жаулары қатты қорқатын. Қытай жазбаларында да ол туралы айтылады.
Ол әйгілі жебелердің «дәмін» кейін европалықтар да, римдіктер де татты.
Сонымен Ғұндардың алғашқы жаулау жорығын Дунху-лардан (дун-шығыс,ху-тағы ел) бастады.
Дунхулар-қазіргі халқа маңғолдардың түп атасы.
Одан кейін Юэчилерді бағындырады.
Күшейіп келе жатқан Ғұндарды талқандау үшін б.д.д 200 жылы Қытай императоры Гао Цзу өзі бастап Ғұндарға қарсы жорыққа шығады.
Қытай әскері Ғұндардан үш есе көп болған деседі.
Алғашқы ұрыстан кейін-ақ Мөде өз қосындарына кейін «қашуды» бұйрады.
«Жау қашты»- деп ойлаған қытайлар ғұндардың артынан он күн ілесіп қуады.Солай әскері бөлініп, қуып келе жатқан алдыңғы авангардты негізгі күштен алыстап кетеді.Кейін қайрыла шапқан Ғұн сарбаздары төртке бөлініп қытайларды төрт жағынан қоршап алып, ұрыс салады.
Қуып келе жатқан алдыңғы лек қытай әскерінің арасында император Гао Цзу да бар болатын.
Императоры мен қоса қытай әскері түгел қоршауға түсіп,жеті күн ұрыс салады.
Ғұндар қытайларды ойсырата жеңеді.
Аман қалмасын білген император ғұндарды келісімге келуге шақырады.
Келісім бойынша император қызын Мөдеге әйелдікке береді және салық төлеп тұруға міндеттенеді.
Осылай 40 жыл қытай мен ғұндар арасында бейбітшілік орнайды.
Ғұндар да қазақтар секілді мемлекетін ҮШ ОРДА-дан құраған.
Батыс,шығыс және ортаңғы орда.
«Ғұндар 24 рудан тұрды,әр рудың басында ақсақалдар мен элаа (ел аға) «Бег»- деп аталатын басшысы болды»-деп жазады қытайлар.
Тарихшы Сыма Цянь тағы бір қызық дерек қалдырған.Ол Ғұндарда левират дәстүрі болғаны туралы айта келіп:
«ғұндарда інісі не ағасы өлсе олардың әйелдерін өздері алады, сол арқылы ғұндарда тұқым құру деген нәрсе атымен жоқ»-депті.
Қазақтың «әменгерлік» дәстүрінің бастауы ата-бабамыздан келе жатқаны,Исламға еш қатысы жоқ салт екеніне осы арқылы көз жеткіземіз.
«Ғұндар қылмыс жасаған адамының бетін тілетін,бетіндегі тыртығы оны екінші рет қылмыс жасатпайтын.
Екінші рет қылмыс жасаса оған өлім жазасы қолданылатын»-депті және.
Әжелеріміз бұрын: «бетің тіліңгір!»-деп ұрсып отырушы еді.
Ғұндар туралы деректерде: Ғұндар «ата-бабасының әруағына сыйынды,олардың қорымдарын қатты қастерлейді. Тәңірге табынды (Тэнгир)»-дейді.
Молаға бару (қазір Құран оқиды ғой) оның басына қорған тұрғызу бәрі-бәрі аталарымыздан қалған дүние екен-ау.
Қанда бар нәрсе

Тәк,сонымен:
Мөде өлгеннен кейін оның ісін ұлы Лаушан тәңірқұты жалғастырды.
Лаушан қаған кезінде Ғұн империясы шарықтау биігіне жетті.
Олда қытайлармен көп соғысты.Қытай империясын иілуге, дегеніне істеуге көндірді.
Ғұндардың тарихта қалдырған айқын ізінің бірі Қытайлықтарды «қытай қорғанын» тұрғызуға мәжбүр етуі еді.
200 жылға созылған қытай-ғұн соғысының ақыры Ғұндардың екіге бөлінуіне алып келді.
Қытайлар Ғұндарға қарсы үнемі дунхулар мен үйсіндерді айдап салып отырды.
Іштей өзара таққа таласқан ғұндар б.д.д 55 (47) жылы ақыры екіге бөлініп тынды.
Оңтүстік және солтүстік боп екіген бөлінген империя қатты әлсіреді.
Солтүстік ғұндар қытайдың қысымына шыдамай батысқа қарай ауды.
Батысқа көшен Ғұндар жолындағы ірілі-ұсақты түркілерді өзіне қосып ала отырып, олардың этникалық құрамына,тіліне қатты әсер етті.

Қазіргі кейбір қазақтар Исламды дәріптегенде: ертең өлгенде ата-бабаң секілді қасыңа әйеліңді бірге көмдіресің бе?-деп «тәңірші» (ата дәстүрін ұстанушы) қазақтарды мазақтап жатады.
Сол арқылы өздерінің тарихтан, дәстүрден хабары жоқ «топастығын» көрсетеді.
Ол сөздер былайғы қазақтардың емес, ел алдында жүрген адамдардың аузынан шығып жатқанын көріп-естігенде,налисың кәдімгі: сіз ел алдында жүрсіз ғой, мына топастығыңызбен кімге тұлға болмақсыз?- деп айтқың келеді кейде.

Хош, айтпағым ол емес негізі.

Естеріңізде жүрсінші түркілерде 3 нәрсе атымен болған жоқ!
Олар:
1) күйеуі өлгенде әйелін бірге жерлеу-болмады.
Шаушықұм,Жамантоғай,Ақтөбе т.б жерлерде табылған ғұн қорымдарынан әйел адамның бұрымдары табылған.Ол қорымға жерленген ер адамдар екен.Ері өлгенде әйелдері бұрымдарын кесіп молаға тастайтын болған.Өздерін бірге көмбеген.
Қазақта: бұрымың кесілгір-деген жаман қарғыс бар.Сосын әйел адамның шашын кесу қазақта әбестік саналған.
Бұрым ер адам үшін қастерлі болған.Сүйген ғашығының ернінен емес, бұрымынан сүйетін қазақтар.
2) Құл иеленушілік-болмады.
Түркілер еш уақытта құлдар ұстамады. «Құл»- деген атау қайдан шықты деуіңіз мүмкін? Ол сыртқа «құлдыққа» кеткен адамдарды атаған. «Құлдыққа» түсті, «құл» болды дегендей.Құл сөзі болса да өздері құл ұстамады.Тұтқынға түскендерге малдарын бақтырды, тамағын берді, жақсы қарады.Оларды «малай» деп атайтын, яғни ақы төленетін.
Ақысы сол: оларды әскер қатарына алатын, бостандық беретін.
Қытай шаруалары Ғұндар арасына көптеп қашып келетін.
Ғұндар арасына қашып келген қытайларды кейін қайтару келісімін Лаушан Тіғірқұты жойған.
3) Қызтекелер-болмады.
Соңғы кезде кейбір жазбалардан түркілер қоғамында «қызтекелер» болғаны туралы бір есалаңдар айтады.
Ол өтірік әңгіме.Кезінде Атилла мен Шыңғысхан әскерінің Рим мен Иранды жаулағанда сондайларды көріп, қатаң жазалағаны соның айғағы. Көшпенділер ұғымында «қызтекелік» тіпті болмаған. Алғаш рет Рим империясын шапқанда көрген ғой.
Көшпенділер «гетеро» түсінігінде өмір кешкен.

Сонымен:

Ғұндар солтүстік пен оңтүстік ғұндар боп екіге бөлінді дедік қой.
Солтүстік ғұндар батысқа көшсе, оңтүстік ғұндар қытайдың дәрігейіне қарады.

Екі ғұн ордасы да Тәңірден "алтын ұл" беруін сұрап, өз кезегі мен уақытын күтумен тарих дөңгелегіне ілесе айналып сырғып жүріп жатты.
Уақытта оларды көп күттірді.

Араға 400 жыл салып Тәңірім солтүстік Ғұндарға-АТИЛЛА-дай (Еділ) ұл сыйласа,
Араға 500 жыл салып Тәңірім оңтүстік ғұндарға-БУМЫН-дай ұл берді.

Олардың әңгімесі ол енді басқа тарих....

Қайсар Еламан

 

Пікірлер
Редакция таңдауы