Жамбыл облысында із-түссіз жоғалған 9 азамат табылды

155

Бүгін Жамбыл облысында хабарсыз кеткен 9 азамат табылды. Бұл туралы "Адырна" тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Ардақ Мадимаровтың айтуынша, екі күнде 25 қылмыскер ұсталды, оның ішінде 17-сі ТМД елдерінің құқық қорғау органдарымен іздеуде жүргендер. «Іздеу» жедел-алдын алу шарасы барысында із-түзсіз жоғалған 9 азамат табылды.
Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 188-бабы ұрлық дерегімен іздеуде жүрген алты азамат және 192-бабы бойынша қарақшылық шабуыл жасаған бір азамат құрықталды»,- дейді Ардақ Мадимаров

"Адырна" ұлттық порталы

Фото: ашық декеккөз

Пікірлер
Редакция таңдауы