Біртанов мырза, барлық ақпараттарды ашық жариялаңыз!

1370

Белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы қазіргі қалыптасқан жағдайға байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы ол фэйсбук желісінде жазды. 

Әжем марқұм кейде біреулерге ренжігенде "пейіліне қара көрінгір" деп күңкілдейтін...

Көпбалалы аналардан, сәбилерден қызғанғандарың пейілдеріңе көрініп жатыр...

Соны әлі жете түсінбей отыр бұлар... тиын санап, "миллион бөлдік" деп...

Мұндай сәтте ірі сөйлеп, ірі істер жасайды, билік!
Қайда арнайы оқшауланған аурухана???
Қайда құрал-жабдықтар???
Қайда тегін маска???

Қайда Ұлттық қор???
Қайда халыққа нақты көмек???
Қайда мұқтаж отбасыларға азық-түлік???

Пейілдеріне қара көрінген саудагерлер - ол анау... билік - ол мынау...

Біртанов мырза, індетке қатысты барлық ақпараттарды ашық жариялауыңызды талап етеміз!!!

1. Науқастар қай ауруханаларға жатқызылды?

2. Оларға қандай ем жасалып жатыр?

3. Олар - негізгі басты ошақтар. Олар контактіде болған адамдарға, әсіресе туған-туыс, әріптес, дос-жарандарына, ұшақта бірге ұшып келген жолаушылар мен экипажға карантин қалай жасалып жатыр? Сол ұшақтар қалай дезинфекцияланып жатыр?

4. Қанша қаражат қайда жұмсалды? Қандай жабдықтар алынды? Қандай модель, қандай бағамен???

5. Шетелден тоқтамастан жолаушыларды қабылдап жатырсыздар. Тым болмаса, әуежайда маска үлестіріп жатырсыздар ма?

6. Науқастардың бүгінгі жағдайы қалай? Өзгеріс бар ма? Қай жағына өзгеріс бар?

7. Оларды емдеп жатқан дәрігерлер кімдер? Олардың қауіпсіздігі қалай қорғалуда??? Еңбектері қалай бағалануда?

8. Орта есеппен, бүгінгі дерек бойынша 60 науқас тіркелді. Демек, кемінде осы 60 адам тұрған 60 үй жеке оқшаулануы тиіс емес пе?

Ол 60 адам, өз үйіндегілерден бөлек, кемінде, 2 адаммен жақын контактіде болды. (Ұшақта қатар отырды, стюардесса қызмет көрсетті, күтіп алған досымен, әріптесімен амандасты, сөйлесті...) Демек, кемінде 120 адамның үйі оқшаулануы тиіс емес пе? Оқшауланған үйлердің мекенжайлары ашық айтылуы тиіс емес пе?

9. Астана мен Алматыдан өзге аймақтарға тарап жатқанын көріп отырып, неге барлық облыс, қалаларға карантин жарияланған жоқ??? Жалпы, төтенше жағдай дегенді қалай түсінесіздер???

10. Карантин мерзімінде әр адам, кемінде, қанша маска қолдануы мүмкін? Әр үйде болуға тиісті аптечка құрамы қандай? Қандай дәрі-дәрмек, витаминдер профилактика үшін тиімді???

11. Халыққа қашан тегін маска таратасыздар?

Ашықтық талап етеміз. Ашық сауалдардың жауабы да ашық болу керек. Сіз, Біртанов мырза, бізге қол жууды үйреткенше, осы сауалдарға жауап беріңіз!
Қол жууды, құдайға шүкір, анамыз үйреткен.
Білмейтіндерге - сіз емес, мед.сестралар үйретсе, жарасады.

Өз міндетіңізді дұрыс атқарыңыз.
Ақпаратты жасырып-жапқан сайын, халыққа қастандық жасайтыныңызды білетін шығарсыз???

                                                                                                                                 Сәуле Әбілдаханқызы

Пікірлер
Редакция таңдауы