Азық-түлікті қадағалағанша долларды қадағалаңдар!

300

Әкімдер мен депутаттар базар арлап неге тентіреп жүр?
Вирустың келгенінен өсіп жатқан жоқ баға, доллардың өсуінен азық-түлік өсіп жатыр.
Бағаны көтермеңдер дейсіңдер ме?😂
Мықты болсаңдар анау үкіметте отырғандарға айтыңдар долларды көтермесін!
Саудагерлердің ешқайсы жетісіп жүрген жоқ!
Бәрінің мойнында кредиттері бар.
Қарапайым кәртөшкі егіп жүрген саудагерден талап еткенше, мұнайдың, уранның ақшасын вагондап жұтып жатқандардан талап етіңдер!
Бізде ақыл айтқыш экономист көп, бірақ тұрақты экономика жоқ!
Халықтан жырып зейнетақы қорымыздағы ақшамызды Әзірбайжанның банктеріне салған едіңдер, қайтты ма?
Әлде надан халық білмейді ғой,деп білгендеріңді істеп жатсыңдар ма?
Форбстың байлары миллион бөлгеніне қуанудың қажеті жоқ ағайын !
27 жылда халықты теспей
сорып келе жатқандар, бекерден бекер құсып жатқан жоқ. Ертең он есе қылып қайтарып алатынын ішім сезіп тұр. ☝Арыс оқиғасынан кейін бұлардың қалай ақша жейтінін білдім ғой.😂
❗Шынында да осы жолы халықпен бірге екендеріңді дәлелдегілерің келсе, әрбір ҚР азаматына 500 000 теңгеден бөліңдер.
Бірден биылғы статистикалық санақты да реттеп аласыңдар, оған да пәленбай миллиондар бөлінді емес пе!

                                                                                                                                            Айгүл Орынбек

 

Пікірлер