"Реал Мадрид" клубының бұрынғы президенті коронавирустан көз жұмды

395

Испаниядағы  атақты "Реал Мадрид" клубының  бұрынғы президенті Лоренсо Санс 76 жасында коронавирус індетінен қайтыс болды.

Ол 17 наурыз күні коронавирус инфекциясын жұқтырды деген күдікпен аса ауыр күйде ауруханаға түскен. Кейіннен қойылған диагноздың дұрыс шыққаны  анықталды.

Лоренсо Санс "Реал" клубын 1995 - 2000  жылдар аралығында басқарған. Одан кейін 2006-2010 жылдар аралығында  тағы бір Испания клубы – "Малагаға" жетекшілік еткен.

Бұл басшылық еткен  жылдары "Реал" Еуропа чемпиондар лигасын екі рет ұтып алды (1998, 2000). Мадриттік клуб бұған дейін 32 жыл бойы ірі додаларда топ жара алмай жүрген болатын. Сондай-ақ 1996/97 жылғы футбол маусымындда Испания чемпионатын, 1998 жылы Құрлықаралық турнирде топ жарды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер