НҰРМҰХАМЕД БАЙҒАРАЕВ: Шетел көріп келдім деген әншілер статистикамен сауат ашсын

505

Коронавирустан кеше бір күнде:

Италияда - 793 адам
Испанияда - 324 адам
Францияда - 112 адам
Англияда - 53 адам қайтыс болды.

Бұл мәліметті "мұның бәрі саясат қой", "билік әдейі істеп жатыр", "президентті ауыстыру үшін ғой" деген адамдарға көрсетіңіз. Әсіресе, шетелді көріп келдім, ол жақта ешкім маска тақпайды дейтін әншілерге. Сәл статистикамен сауатын ашсын.

2000-шы жылдардың ортасында әнші Кайли Минуог сүт безінің қатерлі ісігімен ауырады Бірақ емделеді. Содан кейін әлем бойынша әйелдерге осы аурудың алдын алу үшін тексерілу керектігін көп насихаттайды. Біраз адам тексеріле бастайды. Сол үшін медиктер "эффект Кайли" деген терминді қолданады.

Сондықтан танымал кісілер лоторея, кітап сату, көлік ойнатуды сәл тоқтатып, жазылушылар санының көптігін пайдаланып, елді сауаттандыруға, кеселдің алдын алуға да көмегін тигізе алады

Пікірлер