Сотталушы Талғат Тұрғынбаев әділет іздейді

239

2020 жылдың 4 ақпаны күні  Алматы гарнизондық әскери соты Тургунбаев Талгат Тасбалтаевичті ҚР ҚК 190 бабының 1 бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танлып, оған 1 (бір жыл) мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, мойор шенінен айырған.

 Сот отырысында қорғаушы Айтмұхамет Кемельханов қорғаушысына тағылған айыптарға қарсы 11 дәлелдемені анық түсіндірген. Бірақ сот әділетсіз шешім шығарған. Талғат Тұрғынбаевтың (Талгат Тургунбев) шындық іздеп «Адырна» редакциясына келген хатының еш жерін қысқартпай, сол күйі  жариялап отырмыз. Тиісті органдар бұл жағдайға назар аударады деп сенеміз. Сонымен қатар, редакция қарсы тараптың сөзін де тыңдауға әзір.

  Қазастан Республикасы Бас прокуротурасының назарына

Қазақстан Республикасы Жоғары сотының назарына

Қазақстан Республикасы

Әскери сотының қылмыстық істер

жөніндегі апелляциялық алқасына

 

Алматы облыстык адвокаттар алқасы

қылмыстық істер бойынша аранаулы

адвокаттық конторасының адвокаты, профессор

Айтмұханбет Жакыпбекұлы Кемельхановтан

тел.87017392088, ИИН 650114301388

(сотты болған Т.Т.Тургунбаевтың мүддесі үшін)

ҚР ҚК 190 бабы 1 бөлігімен

сотты болған  Талғат Тасбалтаевич Тургунбаевтан

тұрғ. Алматы қаласы, Красногорская көшесі 35 үй, 31 бөлме

 

Апелляциялық шағымға қосымша мен толықтырулар

(Алматы гарнизоны әскери сотының үкіміне, судья Алиаскаров Д.)

 

Алматы гарнизоны әскери сотының 2020 жылғы 04 ақпанындағы үкімімен әскери қызметкер майор Тургунбаев Талгат Тасбалтаевич ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабы 1 бөлігімен кінәлі деп табылып, оған 1 жыл   бас бостандығын шектеу жазасы беріліп, ҚР ҚК 49 бабы 1 бөлігінің талабына сай «майор» әскери атағы алып тасталсын, деп тұжырымдалған.

Осы бірінші сатылық сотының үкімімен толық келіспейміз. ҚР ҚПК 433 бабында көрсетілген үкімнің күшін жоятын негіздер толығымен бар, деп есептейміз.

Себебі анықтау және сот қарауы кезінде Тургунбаевтың ҚР ҚПК 30 бабында көрсетілген құқықтары толығымен бұзылған.

Яғни, қылмыстық іс Тургунбаев Т.Т. жетік білетін өзбек немесе орыс тілінде жүргізілмеген. Тургунбаев 1978 жылғы 14 наурызында Өзбекстан Республикасы Галоба кентінде дүниеге келген. 1994 жылы Ташкент қаласында орналасқан арнайы әскери мектепті  орыс-өзбек тілінде бітірген. Одан кейін 1998 жылғы 20 маусымында Өзбекстанда орналасқан Чирчик жоғарғы әскери танктік басшылық-инженерлік училищесін орыс және өзбек тілінде бітірген.

2001 жылдың 14 қантарына дейін дейін Өзбекстан Қарулы Күштерінде офицерлік лауазымдарда қызмет еткен.

Осыған қарамастан, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде Әскери полиция анықтаушысы аға лейтенант  Құрбан Қ. мен орыс тілін білмеймін, істі қысқартамын, деп алдап, қылмыстық іс материалдарын қазақ тілінде жүргізген. Ал, Тургунбаев болса қазақ тілін оқымаған, оны жетік білмейді. Іс материалдарына не жазылғанын түсінбеген. Сот мәжілісінде қатысқан аудармашы тек қана соттағы куәлардың жауаптарын  сапасыз аударып отырғанын мәлім етеміз. Анықтау кезінде Тургунбаев өз қолымен істі қазақ тілінде жүргізуге қарсы емеспін деген арыз жазбаған, оны анықтаушы Құрбан Қ. өзі жазып, алдап қол қойғызып алған. Осымен қатар, анықтау және сот органдарымен Тургунбаевқа қылмыстық іс құжаттары орыс немесе өзбек тіліне аударма жасалып тапсырылмаған.

Бірінші сатылық сот ісі жүргізіліп отырған тілді білмейтін немесе жеткілікті түрде білмейтін Тургунбаевқа сот ісі жүргізіліп отырған тілде болған әңгімелерді жете түсінбейтін немесе жеткілікті дәрежеде түсінбейтін, өзінің ойлары мен пікірлерін сол тілде еркін білдіре алмайтын, сондай-ақ әңгімелесу, мәтіндерді оқу кезінде, сұрақтарға жауап бергенде, ауызша және (немесе) жазбаша тілде басқа да қиындықтарға тап болғанын назарда мүлдем ұстаған жоқ.

Осылай, бұл ретте қылмыстық сот iсiн жүргiзу тiлi толығымен бұзылған. Өтінішхат немесе шағым келтіруге Тургунбаевқа жағдай жасалмаған.

Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолданудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 13 Нормативтік қаулысының  1 тармағына сай «Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі – Конституция) 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды».

"Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі № 151-І Заңының 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заңдар Конституцияға негiзделедi, осы заңнан, тiлдердi қолдануға және дамытуға қатысты өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.

Осы қаулының 2 тармағы: «Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолдану сот процесіне қатысушы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің құқықтық кепілі болып табылады», деп белгілейді.

Қазақстан Республикасында сот ісі қазақ тілінде жүргізіледі, қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал қажет болған жағдайларда басқа да тілдер қолданылады.

Осы қаулының 4 тармағына сай «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 30-бабында Қазақстан Республикасында қылмыстық сот ісі қазақ тілінде жүргізілетіндігі, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал қажет болған кезде басқа да тілдер қолданылатыны көрсетілген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қылмыстық процесті жүргізетін орган (лауазымды тұлға) күдіктіге (айыпталушыға) оның сот ісін жүргізу тіліне қатысты құқықтары мен міндеттерін, оның ішінде қылмыстық процестің өзі еркін сөйлеп, жаза алатын тілде жүргізілу, қорғаушының көмегіне жүгіну құқығын түсіндіруге тиіс.

Қажет болған жағдайларға күдіктінің (айыпталушының) өзі еркін сөйлейтін және жаза алатын тілде қылмыстық істі жүргізу, қорғаушының көмегіне жүгіну құқығы туралы өтінішхаттары жатады».

Осымен қатар, аталған қаулының 13 тармағына сай «Сот ісін жүргізу тілі туралы заңнаманың талаптарын сақтамау процестік заңды елеулі түрде бұзу болып табылады және шығарылған сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады».

Осыдан басқа, бірінші сатылық сот  үкімнің уәждеу бөлігінде айыптау актісінде көрсетілмеген, қылмыстық іс бойынша тізімдемеде жоқ өз еркімен келген куә Е.Ерепбаевты көрсетіп отыр. Оның жауабына негізделіп, сілтеме жасап Тургунбаевқа негізсіз жеке тұлға ретінде жағымсыз мінездеме беріп отыр. Ондай куәні адвокат, немесе прокурор шақыртқан емес, ондай өтінішхаттар болмаған. Ерепбаев Тургунбаевқа қатысы жоқ адам. Бірінші сатылық сот  басты сот талқылауында ҚР ҚПК 340 бабының 1 бөлігін бұзып сотқа берілген айыптау шегінен шығып кетіп отыр.

Бірінші сатылық сот ҚР ҚПК 112 бабының 3 бөлігін бұзып іс материалдарының тізімдемесіне еңгізілмеген куә Ерепбаевтың көрсетпесін Тургунбаевты айыптау негізіне жатқызып отыр.

Айыптау актісінде анықтаушы дәлелдеме ретінде сілтеме жасалған Тургунбаевтың куә ретінде жауап бергенде оқиғаны толық растағаны, өз кінәсін мойындағаны туралы хаттамасы айғақты дәлелдеме ретінде таныла алмайды, бірақ осы мәліметке сот құқықтық баға бермеген.

Бірінші сатылық сот ҚР ҚПК 87,89 баптарына сай Алматы гарнизоны әскери полиция қызметкері анықтаушы аға лейтенант Құрбан К. 2009-2015 жылдары кіші сержант шенінде Құрылық әскерлерінің әскери институтында капитан Тургунбаевтың тәуелділігінде, бағыныштылығында болғаны, және бас араздығы, жеке тікелей түрде мүдделі екендігі ескерілмеген.

Осы себептен аға лейтенант Құрбан К. сотталушы Тургунбаевқа қарсы қылмысытық іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ еді.

Осымен қатар, анықтау органы және бірінші сатылық сот  қылмыстық процестік ережелерін бұзып, яғни Тургунбаевтың конституциялық (Конституцияның 19 бабы) тіл бостандығы құқығын,  алдап , құқықтарын  толық, дұрыс түсiндiрмеу салдарынан туындаған оның жаңылысуын пайдалану арқылы, қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға құқығы жоқ аға лейтенант К.Құрбан  процестік әрекетті жүргiзуiне байланысты дәлелдеме ретінде жол берілмейтін нақты деректерді негіз ретінде тауып Тургунбаевқа айыптау үкімін шығарған. Осы жерде ҚР ҚПК 112 бабының талаптары тікелей бұзылған.

Осы аталған 112 бабтың 4 тармағына сай «Қылмыстық-процестік заңды бұза отырып алынған нақты деректер дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін деректер деп танылады және олар айыптау негiзiне жатқызыла алмайды, сондай-ақ осы Кодекстiң 113-бабында көрсетілген кез келген мән-жайларды дәлелдеу кезiнде пайдаланыла алмайды».

Осы себептен, жәбірленіші Умирзакова К.К., куәлар Абдрахман, Харов берген көрсетпелерін заңсыз және негізсіз деп тануға жатады.

Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі N 8 Нормативтік қаулысының 2 тармағына сай «Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену және меншікке қарсы өзге де қылмыстық құқықтық бұзушылықтардың заты бөтен, яғни кінәлінің меншігінде тұрмаған мүлік болып табылады. Бұл орайда заңсыз иелікке түсетін бөтеннің мүлкі қылмыстық құқықтық бұзушылық жасалған кезде меншік иесінің өз иелігінде немесе осы мүлік сеніп тапсырылған басқа тұлғалардың иелігінде немесе олардың иелігінде заңсыз тұруы мүмкін».

Бірінші сатылық сотта мүлік немесе ақшалай айғақтар болған емес. Жәбірленуші Умирзакованың материалдық табысының қайнар көзі жан-жақты тексерілмеген. Ол ақшалай табысты қайдан алғаны және меншігінде ондай ақшалай қаражат болганы анықталмаған. АҚШ долларын қандай банктен, немесе айырбастау пунктісінен алғаныда белгісіз. Табысты дәлелдейтін ресми құжат қылмыстық істе жоқ.

Сот отырысында куә ретінде сұралған Абдрахман Р. өз көрсетпесінде Умирзакова Т.Тургунбаевқа ақ қағазға салған 2000 АҚШ долларын бергенін мәлімдейді. Ал нақты қағазға не оралғанын, оның ішінде  2000 АҚШ доллары болдыма, жокпа ештеңе айтпайды. Одан кейін тағы да 35 мың тенге Умирзакова Т.Тургунбаевқа бергенін көрсетеді, ол жерде қандай купюрадағы ақшалар болғаны, оны Умирзакова қайдан алғаны туралы және 35 мың теңге екенін қайдан білетіні анықталмаған.

Осы куәнің көрсетпесіне сәйкес анықтау органымен міндетті түрде жедел-іздестіру әркеттері немесе құпия тергеу әркеттері жүргізілмеген, яғни нақты дәлелдемелер жиналмаған. Яғни, жәбірленуші мен куәнің жауаптары күмән тудырады және әдейі Тургунбаевты айыптау үшін жасалынған болуы мүмкін екендігі айқын.

Сонымен қатар, бірінші сатылық сотм айыптау үкімін шығарған кезде «Алаяқтық туралы істер бойынша сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 29 маусымдағы № 6 нормативтік қаулысына сілтеме жасамаған. Себебі Тургунбаевтың пайдакүнемдік мақсатын, жәбірленушінің алданғанын дәлелдейтін айғақтар қылмыстық іс бойынша табылмаған. Аудио-видео жазбалар жоқ.

Умирзакова айтқан іздестіріп жүрген оған және  Харовқа қарыз болған  Абдугалиев А.Е. деген азамат барма, әлде жоқпа сот мәжілісінде анықталмаған, Мемлекеттік базадан тексерілмеген, анықтау органымен іздестірілмеген. Адвокат Қарабай Е.П. ол адамның түзеу колониясында екенін сотқа мәлімдеп берді. Абдугалиев А.Е. Умирзакова мен Харовқа ақша қарыздар екені туралы дәлелдеме жоқ. Ол азамат куә ретінде сұралмаған. Осы адамдар мен Абдугалиевтың арасында таныстық бар-жоқтығыда, қандай қатынастарда екені анықталмаған. Сондықтан бұл себепті  анықтау органымен  әдейі Тургунбаевты айыптау үшін бұрмалап ойдан жедел аңыз ретінде шығарылған деп табу қажет.

Бірінші сатылық сот Тургунбаевқа бөтеннің мүлкін жымқырған деген ҚР ҚК 190 бабының қылмыстың белгісін тағып отыр. Ал, «Алаяқтық туралы істер бойынша сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 29 маусымдағы № 6 нормативтік қаулысының 4 бөлігінде: «Жымқыру кезінде жалған құжаттарды пайдалану алдау нысандарының бірі болып табылады. Басқа адам әзірлеген жалған ресми құжатты пайдалана отырып жасалған жымқыру алаяқтық құрамымен толық қамтылады және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 385-бабы бойынша қосымша саралауды талап етпейді. Осы жымқыру атты қылмыстың белгісі немен дәлелденетіні үкімде жоқ,  пайдаланған жалған құжаттар айғақты заттар ретінде іске тіркелмеген. Тургунбаев жәбірленушінің қандай сенімін теріс пайдаланғаны туралы қылмыстың сипаты да үкімнің уәждеу бөлімінде ашып көрсетілмеген.

Т.Т.Тургунбаев жәбірленуші К.К. Умирзакова және куә Ц.Н.Харовпен, Р.Т.Абдрахманмен ұялы байланыс арқылы байланысқаны «Мобайл Телеком-Сервис ЖШС және  «»KCEL» АҚ» алынған мәліметтерде бөтеннің мүлкін жымқыруға немесе бөтен мүлікті иемденуге бағытталған, алдап ақша алу туралы ақпараттық дәлелдемелер табылмаған. Осыған қарамастан бірінші сатылық сот оларға негізсіз сілтеме жасаған.

Осылай, анықтау органының анықтаушысы Құрбан К. жинаған «жедел аңыз»: «азамат Абдугалиев азаматтар Харов және Умирзаковаға ақша қарыз, бірақ олар оны табалмайды, ал куә Абдрахман оларға Абдугалиевты табу үшін Тургумбаевпен байланыстырып, оған ол жұмысы үшін ақша бергені туралы көрсетпелер бір-біріне қарама-қайшы және үйлесімді болмаса да, бірінші сатылық сот негізсіз айыптау үкімін шығарып отыр».

ҚР ҚК 190 бабының 1 бөлігінде көрсетілген қылмыстың құрамы толығымен дәлелденбеген. Қылмыстың заты жоқ. Қылмыстың затын Тургунбаев иемденді немесе құқықтанды деген дәлелдемелер жоқ. Ол өзінің әскери қызметін жасырып ешкімді алдаған емес. Жәбірленушіге жалған құжат немесе жалған  ақпарат берген емес. Алдап қолхат бермеген, немесе келісім-шарт жасаспаған. Жәбірленушімен сенімді қатынаста болмаған, ақша алу үшін ешқандай алдау тәсілін қолданбаған -қылмыстың объективтік жағы мүлдем жоқ. Қылмыстық іс-материалдарында және үкімде  Тургунбаев Т.Т. жәбірленушіден алған ақшаны нақты  иелік етіп, қолданғаны туралы әрекетінің талдауы көрсетілмеген. Тургунбаевтың тарапынан Азамат Абдугалиевты тауып беремін деген міндеттеме алу туралы мәлімет қылмыстық істің процестік құжаттарында тіркелмеген, тек қана жәбірленуші және оның таныс куәларының бір-біріне сілтеме жасап айтуында ғана бар.

Алдынғы жіберілген апелляциялық шағым қазақ тілінде адвокат Қарабай Е. жазып берген, ал Тургунбаев Т. келісіп қол қойған.

Осы себептен, Тургунбаев қазақ тілін білмегендіктен апелляциялық қарауды орыс тілінде өткізуіңізді сұраймыз.

Жоғары көрсетілгендердің негізінде, аталған мән-жайларда ескере отырып ҚР ҚПК 431- 439 баптарын басшылыққа алып,-

 

СҰРАЙМЫН:

Алматы гарнизоны әскери сотының 04 ақпан 2020 жылғы  Тургунбаев Талгат Тасбалтаевичті ҚР ҚК 190 бабының 1 бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылған, оған 1 (бір жыл) мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған  айыптау үкімінің күшін жойып, жаңа ҚР ҚПК 35-бабының 1 бөлімі 2) тармағының негізінде   Тургунбаев Талгат Тасбалтаевичтің  іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауынан толығымен ақтау үкімін шығаруыңызды  сұраймын.

 

Адвокат                                                                               А.Ж.Кемельханов

 

Сотты болған                                                                      Т.Т.Тургунбаев

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

 

 

 

Пікірлер