11 дәлелдемеге назар аудармады – А.Кемьелханов

269

2020 жылдың 4 ақпаны күні  Алматы гарнизондық әскери соты Тургунбаев Талгат Тасбалтаевичті ҚР ҚК 190 бабының 1 бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танлып, оған 1 (бір жыл) мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, мойор шенінен айырған. 

 Сот отырысында қорғаушы Айтмұхамет Кемельханов қорғаушысына тағылған айыптарға қарсы 11 дәлелдемені анық түсіндірген. Шындық іздеп «Адырна» редакциясына келген хаттың еш жерін қысқартпай, сол күйі  жариялап отырмыз. Тиісті органдар бұл жағдайға назар аударады деп сенеміз. Сонымен қатар, редакция қарсы тараптың сөзін де тыңдауға әзір.   

Апелляциялық сатыдағы қорғаушы А.Кемельхановтың сөзі:

Алматы гарнизоны әскери сотының 2020 жылғы 04 ақпанындағы үкімімен әскери қызметкер майор Тургунбаев Талгат Тасбалтаевич ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабы 1 бөлігімен кінәлі деп табылып, оған 1 жыл   бас бостандығын шектеу жазасы беріліп, ҚР ҚК 49 бабы 1 бөлігінің талабына сай «майор» әскери атағы алып тасталсын, деп тұжырымдалған.

Осы бірінші сатылық сотының үкімімен толық келіспейміз. ҚР ҚПК 433 бабында көрсетілген үкімнің күшін жоятын негіздер толығымен бар, деп есептейміз.

Біріншіден:  анықтау және сот қарауы кезінде Тургунбаевтың ҚР ҚПК 30 бабында көрсетілген құқықтары толығымен бұзылған.

Яғни, қылмыстық іс Тургунбаев Т.Т. жетік білетін өзбек немесе орыс тілінде жүргізілмеген. Тургунбаев 1978 жылғы 14 наурызында Өзбекстан Республикасы Галоба кентінде дүниеге келген. 1994 жылы Ташкент қаласында орналасқан арнайы әскери мектепті  орыс-өзбек тілінде бітірген. Одан кейін 1998 жылғы 20 маусымында Өзбекстанда орналасқан Чирчик жоғарғы әскери танктік басшылық-инженерлік училищесін орыс және өзбек тілінде бітірген.

2001 жылдың 14 қантарына дейін дейін Өзбекстан Қарулы Күштерінде офицерлік лауазымдарда қызмет еткен.

Осыған қарамастан, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде Әскери полиция анықтаушысы аға лейтенант  Құрбан Қ.  Өзінің бас араздығын қанағаттандыру мақсатында мен орыс тілін білмеймін, істі қысқартамын, деп алдап, қылмыстық іс материалдарын қазақ тілінде жүргізген. Ал, Тургунбаев болса қазақ тілін оқымаған, оны жетік білмейді. Іс материалдарына не жазылғанын түсінбеген. Сот мәжілісінде қатысқан аудармашы тек қана соттағы куәлардың жауаптарын  сапасыз аударып отырғанын мәлім етеміз. Анықтау кезінде Тургунбаев өз қолымен істі қазақ тілінде жүргізуге қарсы емеспін деген арыз жазбаған, оны анықтаушы Құрбан Қ. Өзі жазып, алдап қол қойғызып алған. Осымен қатар, анықтау және сот органдарымен Тургунбаевқа қылмыстық іс құжаттары орыс немесе өзбек тіліне аударма жасалып тапсырылмаған.

Бірінші сатылық сот ісі жүргізіліп отырған тілді білмейтін немесе жеткілікті түрде білмейтін Тургунбаевқа сот ісі жүргізіліп отырған тілде болған әңгімелерді жете түсінбейтін немесе жеткілікті дәрежеде түсінбейтін, өзінің ойлары мен пікірлерін сол тілде еркін білдіре алмайтын, сондай-ақ әңгімелесу, мәтіндерді оқу кезінде, сұрақтарға жауап бергенде, ауызша және (немесе) жазбаша тілде басқа да қиындықтарға тап болғанын назарда мүлдем ұстаған жоқ.

Осылай, бұл ретте қылмыстық сот iсiн жүргiзу тiлi толығымен бұзылған. Өтінішхат немесе шағым келтіруге Тургунбаевқа жағдай жасалмаған.

Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолданудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 13 Нормативтік қаулысының  1 тармағына сай «Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі – Конституция) 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды».

«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі № 151-І Заңының 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заңдар Конституцияға негiзделедi, осы заңнан, тiлдердi қолдануға және дамытуға қатысты өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.

Осы қаулының 2 тармағы: «Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолдану сот процесіне қатысушы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің құқықтық кепілі болып табылады», деп белгілейді.

Қазақстан Республикасында сот ісі қазақ тілінде жүргізіледі, қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал қажет болған жағдайларда басқа да тілдер қолданылады.

Осы қаулының 4 тармағына сай «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 30-бабында Қазақстан Республикасында қылмыстық сот ісі қазақ тілінде жүргізілетіндігі, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал қажет болған кезде басқа да тілдер қолданылатыны көрсетілген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қылмыстық процесті жүргізетін орган (лауазымды тұлға) күдіктіге (айыпталушыға) оның сот ісін жүргізу тіліне қатысты құқықтары мен міндеттерін, оның ішінде қылмыстық процестің өзі еркін сөйлеп, жаза алатын тілде жүргізілу, қорғаушының көмегіне жүгіну құқығын түсіндіруге тиіс.

Қажет болған жағдайларға күдіктінің (айыпталушының) өзі еркін сөйлейтін және жаза алатын тілде қылмыстық істі жүргізу, қорғаушының көмегіне жүгіну құқығы туралы өтінішхаттары жатады».

Осымен қатар, аталған қаулының 13 тармағына сай «Сот ісін жүргізу тілі туралы заңнаманың талаптарын сақтамау процестік заңды елеулі түрде бұзу болып табылады және шығарылған сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады».

Екіншіден: бірінші сатылық сот  үкімнің уәждеу бөлігінде айыптау актісінде көрсетілмеген, қылмыстық іс бойынша тізімдемеде жоқ өз еркімен келген куә Е.Ерепбаевты көрсетіп отыр. Оның жауабына негізделіп, сілтеме жасап Тургунбаевқа негізсіз жеке тұлға ретінде жағымсыз мінездеме беріп отыр. Ондай куәні адвокат, немесе прокурор шақыртқан емес, ондай өтінішхаттар болмаған. Ерепбаев Тургунбаевқа қатысы жоқ адам. Бірінші сатылық сот  басты сот талқылауында ҚР ҚПК 340 бабының 1 бөлігін бұзып сотқа берілген айыптау шегінен шығып кетіп отыр.

Бірінші сатылық сот ҚР ҚПК 112 бабының 3 бөлігін бұзып іс материалдарының тізімдемесіне еңгізілмеген куә Ерепбаевтың көрсетпесін Тургунбаевты айыптау негізіне жатқызып отыр.

Үшіншіден: Айыптау актісінде анықтаушы дәлелдеме ретінде сілтеме жасалған Тургунбаевтың куә ретінде жауап бергенде оқиғаны толық растағаны, өз кінәсін мойындағаны туралы хаттамасы айғақты дәлелдеме ретінде таныла алмайды, бірақ осы мәліметке сот құқықтық баға бермеген.

Төртіншіден: Бірінші сатылық сот ҚР ҚПК 87,89 баптарына сай Алматы гарнизоны әскери полиция қызметкері анықтаушы аға лейтенант Құрбан К. 2009-2015 жылдары кіші сержант шенінде Құрылық әскерлерінің әскери институтында капитан Тургунбаевтың тәуелділігінде, бағыныштылығында болғаны, және бас араздығы, жеке тікелей түрде мүдделі екендігі ескерілмеген.

Осы себептен аға лейтенант Құрбан К. Сотталушы Тургунбаевқа қарсы қылмысытық іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ еді.

Осымен қатар, анықтау органы және бірінші сатылық сот  қылмыстық процестік ережелерін бұзып, яғни Тургунбаевтың конституциялық (Конституцияның 19 бабы) тіл бостандығы құқығын,  алдап , құқықтарын  толық, дұрыс түсiндiрмеу салдарынан туындаған оның жаңылысуын пайдалану арқылы, қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға құқығы жоқ аға лейтенант К.Құрбан  процестік әрекетті жүргiзуiне байланысты дәлелдеме ретінде жол берілмейтін нақты деректерді негіз ретінде тауып Тургунбаевқа айыптау үкімін шығарған. Осы жерде ҚР ҚПК 112 бабының талаптары тікелей бұзылған.

Осы аталған 112 бабтың 4 тармағына сай «Қылмыстық-процестік заңды бұза отырып алынған нақты деректер дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін деректер деп танылады және олар айыптау негiзiне жатқызыла алмайды, сондай-ақ осы Кодекстiң 113-бабында көрсетілген кез келген мән-жайларды дәлелдеу кезiнде пайдаланыла алмайды».

Осы себептен, жәбірленіші Умирзакова К.К., куәлар Абдрахман, Харов берген көрсетпелерін заңсыз және негізсіз деп тануға жатады.

Бесіншіден: Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі N 8 Нормативтік қаулысының 2 тарамағына сай «Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену және меншікке қарсы өзге де қылмыстық құқықтық бұзушылықтардың заты бөтен, яғни кінәлінің меншігінде тұрмаған болып табылады. Бұл орайда заңсыз иелікке түсетін бөтеннің мүлкі қылмыстық құқықтық бұзушылық жасалған кезде меншік иесінің өз иелігінде немесе осы мүлік сеніп тапсырылған басқа тұлғалардың иелігінде немесе олардың иелігінде заңсыз тұруы мүмкін».

Бірінші сатылық сотта мүлік немесе ақшалай айғақтар болған емес. Негізсіз жәбірленуші болып табылған  Қазақстан Республикасы бойынша борышкерлер Реестрына кіргізілген Умирзакованың материалдық табысының қайнар көзі жан-жақты тексерілмеген. Ол ақшалай табысты қайдан алғаны және меншігінде ондай ақшалай қаражат болганы анықталмаған. АҚШ долларын қандай банктен, немесе айырбастау пунктісінен алғаныда белгісіз. Табысты дәлелдейтін ресми құжат қылмыстық істе жоқ.

Алтыншыдан: Сот отырысында куә ретінде сұралған көптеген адамдар мен заң тұлғаларына қарыздар азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылған Қазақстан Республикасы бойынша борышкерлер Реестрына кіргізілген Абдрахман Р. Өз көрсетпесінде Умирзакова Т.Тургунбаевқа ақ қағазға салған 2000 АҚШ долларын бергенін мәлімдейді. Ал нақты қағазға не оралғанын, оның ішінде  2000 АҚШ доллары болдыма, жокпа ештеңе айтпайды. Одан кейін тағы да 35 мың тенге Умирзакова Т.Тургунбаевқа бергенін көрсетеді, ол жерде қандай купюрадағы ақшалар болғаны, оны Умирзакова қайдан алғаны туралы және 35 мың теңге екенін қайдан білетіні анықталмаған.

Осы куәнің көрсетпесіне сәйкес анықтау органымен міндетті түрде жедел-іздестіру әркеттері немесе құпия тергеу әркеттері жүргізілмеген, яғни нақты дәлелдемелер жиналмаған. Яғни, жәбірленуші мен куәнің жауаптары күмән тудырады және әдейі Тургунбаевты айыптау үшін жасалынған болуы мүмкін екендігі айқын.

Жетіншіден: бірінші сатылық соты айыптау үкімін шығарған кезде «Алаяқтық туралы істер бойынша сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 29 маусымдағы № 6 нормативтік қаулысына сілтеме жасамаған. Себебі Тургунбаевтың пайдакүнемдік мақсатын, жәбірленушінің алданғанын дәлелдейтін айғақтар қылмыстық іс бойынша табылмаған. Аудио-видео жазбалар жоқ.

Умирзакова айтқан іздестіріп жүрген оған және  Харовқа қарыз болған  Абдугалиев А.Е. деген азамат барма, әлде жоқпа сот мәжілісінде анықталмаған, Мемлекеттік базадан тексерілмеген, анықтау органымен іздестірілмеген. Адвокат Қарабай Е.П. ол адамның түзеу колониясында екенін сотқа мәлімдеп берді. Абдугалиев А.Е. Умирзакова мен Харовқа ақша қарыздар екені туралы дәлелдеме жоқ. Ол азамат куә ретінде сұралмаған. Осы адамдар мен Абдугалиевтың арасында таныстық бар-жоқтығыда, қандай қатынастарда екені анықталмаған. Сондықтан бұл себепті  анықтау органымен  әдейі Тургунбаевты айыптау үшін бұрмалап ойдан жедел аңыз ретінде шығарылған деп табу қажет.

Бірінші сатылық сот Тургунбаевқа бөтеннің мүлкін жымқырған деген ҚР ҚК 190 бабының қылмыстың белгісін тағып отыр. Ал, «Алаяқтық туралы істер бойынша сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 29 маусымдағы № 6 нормативтік қаулысының 4 бөлігінде: «Жымқыру кезінде жалған құжаттарды пайдалану алдау нысандарының бірі болып табылады. Басқа адам әзірлеген жалған ресми құжатты пайдалана отырып жасалған жымқыру алаяқтық құрамымен толық қамтылады және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 385-бабы бойынша қосымша саралауды талап етпейді. Осы жымқыру атты қылмыстың белгісі немен дәлелденетіні үкімде жоқ,  пайдаланған жалған құжаттар айғақты заттар ретінде іске тіркелмеген. Тургунбаев жәбірленушінің қандай сенімін теріс пайдаланғаны туралы қылмыстың сипаты да үкімнің уәждеу бөлімінде ашып көрсетілмеген.

Сегізіншіден: Т.Т.Тургунбаев жәбірленуші К.К. Умирзакова және куә Ц.Н.Харовпен, Р.Т.Абдрахманмен ұялы байланыс арқылы байланысқаны «Мобайл Телеком-Сервис ЖШС және  «»KCEL» АҚ» алынған мәліметтерде бөтеннің мүлкін жымқыруға немесе бөтен мүлікті иемденуге бағытталған, алдап ақша алу туралы ақпараттық дәлелдемелер табылмаған. Осыған қарамастан бірінші сатылық сот оларға негізсіз сілтеме жасаған.

Осылай, анықтау органының анықтаушысы Құрбан К. Жинаған «жедел аңыз»: «азамат Абдугалиев азаматтар Харов және Умирзаковаға ақша қарыз, бірақ олар оны табалмайды, ал куә Абдрахман оларға Абдугалиевты табу үшін Тургумбаевпен байланыстырып, оған ол жұмысы үшін ақша бергені туралы көрсетпелер бір-біріне қарама-қайшы және үйлесімді болмаса да, бірінші сатылық сот негізсіз айыптау үкімін шығарып отыр».

ҚР ҚК 190 бабының 1 бөлігінде көрсетілген қылмыстың құрамы толығымен дәлелденбеген. Қылмыстың заты жоқ. Қылмыстың затын Тургунбаев иемденді немесе құқықтанды деген дәлелдемелер жоқ. Ол өзінің әскери қызметін жасырып ешкімді алдаған емес. Жәбірленушіге жалған құжат немесе жалған  ақпарат берген емес. Алдап қолхат бермеген, немесе келісім-шарт жасаспаған. Жәбірленушімен сенімді қатынаста болмаған, ақша алу үшін ешқандай алдау тәсілін қолданбаған –қылмыстың объективтік жағы мүлдем жоқ. Қылмыстық іс-материалдарында және үкімде  Тургунбаев Т.Т. жәбірленушіден алған ақшаны нақты  иелік етіп, қолданғаны туралы әрекетінің талдауы көрсетілмеген. Тургунбаевтың тарапынан Азамат Абдугалиевты тауып беремін деген міндеттеме алу туралы мәлімет қылмыстық істің процестік құжаттарында тіркелмеген, тек қана жәбірленуші және оның таныс куәларының бір-біріне сілтеме жасап айтуында ғана бар.

Алдынғы жіберілген апелляциялық шағым қазақ тілінде адвокат Қарабай Е. Жазып берген, ал Тургунбаев Т. Келісіп қол қойған.

Осы себептен, Тургунбаев қазақ тілін білмегендіктен апелляциялық қарауды орыс тілінде өткізуіңізді сұраймыз.

Тоғызыншыдан: Қылмыстық іс бойынша сұралған куә Абдрахман Рабиға Тағайқызы 2019 жылғы 11 қарашасында куә ретінде сұралғанда  Т.Т. Тургунбаевтан 2019 жылдың шамамен маусым айында жеке қажеттілігі үшін 400 АҚШ долларын қарызға алғанын баян еткен (куәден қосымша жауап алу хаттамасы 11 қараша 2019 жыл).

2019 жылғы  24 қазанындағы Т.Тургунбаевпен беттестіру хаттамасында  Р.Т. Абдрахман 2019 жылы шамамен маусым айында Т.Тургунбаевтан 400 АҚШ долларын қарызға ақша алғанын растайды.

2019 жылғы 15 қарашада куә ретінде сұралған Иманкулов Канат Серикович 2018 жылдың наурыз айында 12 сағат шамасында Тургунбаев Талғат екеуі Алматы қаласы Мате-Залка-Маречеква қиылысына келген. Сол жерде жолдың бойында Абдрахман Рабига тұрғанын көрген, Тургунбаев Талғат шалбарының қай қалтасы екені есінде жоқ, шалбарының қалтасынан бумаланған АҚШ долларын алып 100 купюлары АҚШ долларын 3000 мың АҚШ долларын санап Абдрахман Рабиғаға бергенін нақты көрген, сол жерде Абдрахман Рабиға 3000 мың АҚШ долларын 100 купюралы АҚШ доллардан санап алғанында нақты көрген.

2019 жылдың қараша айыенда  куә Р.Т.Абдрахман және куә К.С.Иманкулов арасында өткізілген беттестіру хаттамасында  куә К.С.Иманкулов 2018 жылдың 15-20 наурыз күндер аралығында, сағат күндізгі 12.00 шамасында Тургунбаев Талғат Алматы қаласы Мате-Залка-Маречека көшесіне жетпей көлікті тоқтатып. Сол жерде жолдың бойында азаматша тұрғанын көрген, сонымен ол және Тургунбаев Талғат екеуі көліктен түсіп Рабиғамен амандасып, Тургунбаев Талған шалбарының қай қалтасы екені есінде жоқ, шалбарының қалтасынан бумаланған АҚШ ақшаларын алып 100 купюралы АҚШ долларын 3000 мың АҚШ долларын Абдрахман Рабиғаға берді, сол уақытта бір метр қашықтықта тұрған және Тургунбаев Талғат атаплған ақшаны 3000 мың АҚШ долларын санап Абдрахман Рабиғаға бергенін нақты көрген, сол жерде Абдрахман Рабиға 3000 мың АҚШ долларын 100 купюралы доллардан санап алғанында нақты көрген. Содан кейін, Абдрахман Рабиға рахмет Талғат аға деп кеткен, ал олар аталған жерден көлікке мініп кетіп қалған.

2020 жылдың 30 желтоқсанында өткен сот отырысында судья Алиаскаровтывң сұрақтарына  куә ретінде жауап берген  Рабиға Абдрахман Т.Т.Тургунбаевтан бірнеше рет қарызға ақша алғанын растап берген. Тургунбаев Талғатпен бір ауылдан және туысқандығы бар екенін, күйуімен ажырасып балаларымен Алматыға келгенде  ақшалай жәрдем бергенін, Талғат ағасынан бірнеше рет қарызға ақша алғанын растап берген.

Осылай, іс бойынша көптеген жеке және заң тұлғаларына қарыздар, борышкерлер Реестріне еңгізілген куә болған Р.Т.Абдрахман сотты болған Тургунбаевке 3400 (үш мың төрт жүз) АҚШ долларын қарыз және тәуелді бола тұрып өз бас пайдасын ойлап, қарызды қайтармау мақсатында анықтау және сот барысында жалған көрсетпелер берген деп санаймыз. Сондықтан оның куә ретінде берген көрсетпелері  тікелей дәлелдеме бола алмайды. Осы жағдай бойынша бірінші сатылық сот үкімде құқықтық баға бермеген.

Оныншыдан: Іс бойынша сұралған Ц.Н.Харов бір кісіні яғни Абугалиев Амангельды Есетаевичті іздестіріп жүргенін, соған байланысты дос қызы Умирзакова өзінің құрбысы Рабиғаның танысы Т.Т. Тургунбаевқа Рабиға арқылы оны Алматы қаласы Полиция Департаментінің полиция қызметкері деп ойлап жүргендіктен оған қарыз болған адамды табуына көмектесу үшін майор Т.Т.Тургунбаевпен кездесіп одан көмек сұрау мақсатында К.К.Умирзакова Рабиғаға танысыңмен кездестірші деп айтқан, содан нақты есінде жоқ шамамен 2019 жылдың 14 маусымы күні Рабиға оның танысы майор Т.Т.Тургунбаевпен кездесуге келісіп оған баратындығын К.К.Умирзаковаға айтқан, ол К.К.Умирзакова және Рабиға үшеуі сол күні барып. Оны Рабиға таныстырғаннан кейн, ол болған жағдайды Тургунбаевке айтқан, яғни болған жағдайды Абдугалиев Амангельді есімді адам оған қомақты сомма ақша қарыз, сол адамды тауып беруге көмек сұраған, ол оны мұқият тыңдап болып, Рабиғаның танысы болғандықтан оған көмектесетінін айтқан, бірақ іздестіру шараларын ұйымдастыру үшін ақшалай қаражат қажет екендігін айтып 2000 АҚШ долларын сұраған.  2019 жылдың 15 маусымында Құндыз және Рабиға майор Тургунбаевқа 2000 АҚШ долларын берген, ал ол сол уақытта жеке қажеттілігіне байланысты кеткен болатын, яғни ақшаны нақты кім бергенін ол кормеген. Осы көрсетпесін Харов 2019 жылдың 22 қазанындағы Тургунбаевпен беттестіру хаттамасында дәлелдеп берді.

Осы көрсетпеге және басқа де іс материалдарына қарағанда іс бойынша өз мүддесін қанағаттандыру үшін Тургунбаевқа шаруа тапсыруға бастаушы болып, алданған Ц.Н.Харов болып еспетеледі және ол анықтау органымен жәбірленуші болып табылу керек еді. Тургунбаевпен сөзге баруға,  қарыз адамды тауып беруге өтініш жасауға   ұсыныс беріп, келісім іс-әрекеті бітіміне келген осы азамат болып отыр. 

Азаматша К.К. Умирзаковада Абугалиев Амангельды Есетаевичті іздеп табу қажеттілігі немесе мүддесі болмаған. Соңғының Умирзаковаға қарызы жоқ.

Егер көрсетпелерге сүйенсек Умирзакова Харов және Тургунбаевтың арасындағы делдалдықтың сипаттамасы бар құқыққа қарсы әрекет жасаған.

Харовтың шаруасы бойынша Умирзакова неге өз ақшасын бергені анықтау және сот отырысында анықталмаған. Харов  шаруасын бітіру үшін Умирзаковаға ақша бергені, немесе бермегені де анықталмаған.

ҚР ҚПК 71 бабына сай қылмыстық құқық бұзушылық өзіне тікелей моральдық, тәндік немесе мүлiктiк зиян келтiрдi деп пайымдауға негiзі бар тұлға қылмыстық процесте жәбiрленушi деп танылады.

Осы құқықтық нормасының белгілеріне сай азамат Харовқа тікелей моральдық, тәндік басқа да зиян келтірді деп пайымдауға болады. Осы себептен Харов жәбірленуші ретінде танылу қажет еді.  Борышкерлер Реестрына еңгізілген  Жәбірленуші болып Умирзакова дұрыс танылмаған. Оның  әр түрлі берген көрсетпелеріне сынмен қарау қажет, себебі ол Тургунбаевқа өзінің мүддесін қорғау үшін ақша бергенін айтпайды. Одан Харов ақша сұрамаған және Умирзаковаға Харовқа туыс емес, тіптен ұлты да басқа.

Осы мән- жағдай бойынша бірінші сатылық сот үкімде құқықтық баға бермегендіктен,  жан-жақты қарап,  қарызын бермеуге мүдделі куә Абдрахман және заңсыз жәбірленуші болып табылған Умирзакованың жазбаша көрсетпелерін дәлелдемеден алып тастап, біздің ақтау пайдамызға шешуіңізді сұраймыз.

 

Он біріншіден: Т.Т.Тургунбаевке қатысты қылмыстық іс бойынша бірінші сатылық сот мән бермеген келесі  тағыда бір мәселем анықталып отыр.

Яғни, атап айтқанда жәбірленуші Умирзакова Кундыз Кобейсиновна, куә Абдрахман Рабиға Тағайқызы көптеген мекемелер мен жеке тұлғаларға  ақша қарыз болып  мемлекеттік борышкерлер Тізіміне кіргендері туралы мәліметті. Өтінішхатпен сіздерге ұсынылды.

Аталған жеке тұлғалар үлкен ақшалай соммаларға борышкер бола тұра, алаяқтық мақсатта сотты болған Т.Т.Тургунбаевқа қарсы жалған ақпарат беріп анықтау органымен бірінші сатылық сотты алдағаны туралы белгілер анық.

Тұлғаларды алдап, ақша алып нотариус және сот шешімдерімен борышкер ретінде танылған Умирзакова және Абдрахман қарыздарын өтеу үшін Т.Т.Тургунбаевты сотпен қорқытып ақша бопсалау мақсатында жалған ақпарат бергені мәлім, деп есептейміз.

Қарыздарын төлемей қашып жүргендіктен жеке сот орындаушыларымен Умирзакова және Абдрахманға Қазақстан Республикасынан шығуға мемлекеттік шекарада  шектеу қойылған.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде іс бойынша Умирзакова және Абдрахман  өздері борышкер бола тұра  Т.Т.Тургунбаевқа қарсы берген жазбаша көрсетпелері шындыққа сай келмегендіктен дәлелдеме қатарынан алып тастауыңызды сұраймыз.

Жоғары көрсетілгендердің негізінде, аталған мән-жайларда ескере отырып ҚР ҚПК 431- 439 баптарын басшылыққа алып,-

 

СҰРАЙМЫН:

Алматы гарнизоны әскери сотының 04 ақпан 2020 жылғы  Тургунбаев Талгат Тасбалтаевичті ҚР ҚК 190 бабының 1 бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылған, оған 1 (бір жыл) мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған  айыптау үкімінің күшін жойып, жаңа ҚР ҚПК 35-бабының 1 бөлімі 2) тармағының негізінде   Тургунбаев Талгат Тасбалтаевичтің  іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауынан толығымен ақтау үкімін шығаруыңызды сұраймын.

 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер