Қытай елшісі Чжан Сяоның әрекеттері зерделенеді - Сыртқы істер министрлігі

5531

Естеріңізде болса бұған дейін порталымызда "Демос" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тұрарбек Құсайыновтың (төмендегі сілтемеде көрсетілген)

Қытай елшісі Чжан Сяо қазақ қоғамын қашанғы басынады?

"Қытай елшісі Чжан Сяо қазақ қоғамын қашанғы басынады" атты мақаласы шыққан болатын. Мақалада Қытай елшісінің ҚР-ның ішкі істеріне араласып отырғаны туралы айтып, ҚР Президентіне, Сыртқы істер министріне және Бас прокуротурасына осы мәселеге назар аударуын, елші Чжан Сяоның әрекетіне құқықтың және саяси баға беруді сұрап, ҚХР-на наразылық нотасын жолдап, Қытайдың Қазақстандағы елшісін ауыстыруды талап етуді өтінген еді.

Бүгін жоғарыда аталған хатқа ҚР Сыртқы істер министрлігінен жауап келді. Тұрарбек Құсайыновтың көтерген мәселелері назарға алынатыны туралы жазылған хатта:

 "ҚХР Елшісі Чжан Сяоның әрекеті туралы хатыңыз назарға алынды. ҚР Сыртқы істер министрлігі шетелдік елшілермен жұмысты жүргізу барысында 1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясын басшылыққа алады. Қазіргі таңда Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатын ілгерілету мақсатында барлық мемлекеттермен тең дәрежедегі ынтымақтастықты дамытудың маңызы зор. Осы орайда, Сіздің ақпаратыңыз жан-жақты зерделенетін болады. Халықаралық дипломатияны іске асыру аясында, Қазақстанның ұлттық мүдделерінің барынша сақталатынына сендіреміз. Белсенділік танытып, өзекті мәселелерді көтеріп жүргеніңізге алғыс білдіреміз"- делінген

SIM17032020

Сыртқы істер министрлігі азаматтарымыздың шағым хаттарын аяқасты етпей, бақылауда ұстағаны қуантарлық жағдай. "Адырна" ұлттық порталы жазылған жайды әрі қарай да назарынан тыс қалдырмайды.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер