Кез келген бизнестің 4 негізгі қағидасы бар - Марғұлан Сейсембай

101

Барлық бизнес үшін шынымен де қиын уақыт туындап тұрған кезде, мен саласы мен ауқымына қарамастан кез келген бизнесті жүргізудегі 4 негізгі қағидамен бөліскім келіп отыр. Бұл қағидаларды алғаш рет тұжырымдаған американдық инвестор Рей Далио, ал мен оған тағы екі пункт қостым:

1. Қарызыңыздың өз табысыңыздан тезірек өсуіне ешқашан жол бермеңіз. Әйтпесе, қарыздарыңыздың құрбанына айналасыз.

2. Табысыңыздың өз өнімділігіңізден тезірек өсуіне ешқашан жол бермеңіз. Әйтпесе, сіз бәсекеге қабілетсіз болып қаласыз да, бәсекелестеріңіз сізді жұтып жейді.

3. Өнімділігіңіздің өз тиімділігіңізден тезірек өсуіне ешқашан жол бермеңіз. Әйтпесе, шығындар сізді қарызға кіруге мәжбүр етеді де, бұл сізді банкроттыққа ұшыратады. (Менің қосқаным)

4. Сіз әрдайым ойлануыңыз керек дүние – бұл өз тиімділігіңізді арттыру мәселесі. Бұл сізді көшбасшылар қатарына ендіріп, сізді байытатын жалғыз-ақ нәрсе. (Менің қосқаным)

Марғұлан Сейсембай

Пікірлер