Анасы Ләззат Асановаға арнап ас берді

388

Тәуелсіз ел болу жолында жанқиярлыққа барған жастарды ұлықтау бүкіл қазақ қауымына парыз!

Соған орай осыдан үш ай бұрын "Адырна" ұлттық порталының тілшілері желтоқсан оқиғасында халық үшін, ел үшін, келешек үшін әзиз басын құрбан еткен Ләззат Асанованың қасиетті шаңырағына барып, жастық ғұмыры мен денсаулығын, күш-қуатын перзентінің ақталуына тәрк еткен, шындық іздеп шыр-пыр болған анасы Алтынай Асановадан сұхбат алып қайтқан еді. Сұхбат барысында Алтынай Асанова қызы Ләззат Асановананың 50 жылдығына құран оқытып, ас берсем деген ниеті барын жеткізген-ді.

Батыр ананың кіршіксіз ниеті оңынан болып, наурыз айының ортасына қарай Ләззат Асанованың аруағына Алматы қаласы, "Хан тәңірі" ресторанында құран бағышталды.  Асқа Мұхтар Шаханов, Рамазан Тайманов секілді қазақтың дарынды азаматтары, желтоқсаншылар және Ләззаттың көзін көрген дос-жарандары, сыныптастары мен туған-туыстары жиналды.

Ас барысында сөз алғандардың басым бөлігі Ләззаттың өлімі жөнінде айтылмаған сыр мен ашылмаған ащы құпияның барын ашына жеткізді. Ендеше бейнематериалды назарларыңызға ұсынамыз.

 

 

 

Ақгүл АЙДАРБЕКОВА,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер