Алматы кіреберісінде 27 блокпост қойылады

3053
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/03/pp.jpeg
Алматы кіреберісінде 27 блокпост қойылады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді
Сағынтаев коронавирус пандемиясына байланысты Алматыда 19 наурыз сағат 00:00-ден бастап карантин жарияланғанын мәлімдеді.
"Блокпосттарда патрульдік полиция полкінің, СОБРдың, "Гранит" полкінің, Қорғаныс министрлігі мен ұлттық ұлан бөлімшелерінің күштері жұмылдырылады. Сонымен қатар, қалаға бірінші қажеттіліктегі тауарларды, азық-түлік, дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдерді, қорғаныс және гигиена құралдарын әкелу үшін "жасыл дәліз" орнатылады", - деп мәлімдеді Сағынтаев.
Комментарии