Семейде тәулігіне 100 мың маска шығарылатын болады

3393
Adyrna.kz Telegram

Семейде тәулігіне 100 мың маска шығарылатын болады. Осылайша, 15 күн ішінде облысты қамтамасыз етпек. Кәсіпорындар алдында қысқа мерзім ішінде кем дегенде 6 миллион маска жасау міндеті тұр. Шикізат мәселесі де шешілген.
"Өндірістің негізгі көлемін Семей қаласының тігін компаниялары орындайды. Атап айтқанда, "Семейспецснаб", "УК Юнис" мекемелері. Облыстың тағы 10 кәсіпорынымен келісімшарт жасалынды. Бүгіннен бастап олар тәулік бойы жұмыс істейтін болады",-дейді ШҚО әкімі Даниал Кенжетайұлы. Сондай-ақ төтенше жағдайларда іске асырылатын жоспарға сәйкес, тауардың 100 мың данасын бюджеттік ұйымдарға таратылады. Яғни, дәрігерлер, полиция қызметкерлері, ұлттық ұлан сарбаздарына, тәрбиешілер мен мұғалімдерге. Қалғаны көлемі дәріханалар желісіне нақтыланған бағалар бойынша бөлшек саудаға түседі. Қиын сәтте жұдырық болып жұмылған қарт СЕМЕЙГЕ жоғарғы жақ енді көңіл бөлетін шығар...

Ақпарат Қуаныш Рахметоллаұлы Смағұлдың Facebook парақшасынан алынды

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер