"Бір көрсетіп берсеңіз болды"

806

Бұл қазақтың ұлттық қасиетінің бірі. Кез-келген жұмысты "Білесің ба?" - десең, "Бір көрсетіп жіберсеңіз...' - дей салады. Бітті. Бір көріп алса қоймайды. Үй де салады, евроремонт та жасайды, либой техникаңды артығын алып тастап зыңдай етіп жүргізіп қояды. Танкіні де айдап кете береді. Бір көрсетіп берсең сәмәлөт те айдайды, Айға да ұшады! Бір көрсетіп берсең әкім де болады, тіпті одан да жоғары... Оны өздерің білесіңдер енді. Пара алудың да, берудің де жолын бір көрсетсең болды, фантазиясы қосылып оны түрлендіріп, гүлдендіріп әкетеді. Амал жоқ бізде жемқорлықпен шындап күресуді бір рет көрсететін ешкім табылмай тұр, әйтпесе... Ал, қолынан түк келмесе де жақын-жұрағатын жұмысқа тұрғызып, мыңқ еткізбей отырғызып қоюды бір көріп алғандар негізгі "үлгі" болған көрнекті құралдан да асып түсіп жатыр. Шіркін енді қазақтың өзі өз елінде қалай қадірлі болатынын бір көрсетіп беретін біреу табылса бар ғой, Әмрикаң мен Жапоның шаңымызды иіскеп қалар еді! Біз бір көріп алсақ болды, қатырамыз! Чын айтам-ей, әкең! Тек бір көрсетсе болды...

Ақпарат Асқар Наймантаевтың  Facebook парақшасынан алынды

Пікірлер