Балаларда коронавирус белгілері өзгеше байқалады

5289
Adyrna.kz Telegram

Гуанчжоу медициналық университеті мен Макао ғылыми-технологиялық университетінің ғалымдары балаларда коронавирусты диагностикалау үлкендерге қарағанда әлдеқайда қиын деген қорытындыға келді.

Ересектермен салыстырғанда олардың ауруы жұмсақ түрде өтеді. Атап айтқанда, өкпе суреттерінде пневмонияның тән тану белгілері жоқ. Себебі, инфекцияны диагностикалау қиын, – делінген Nature Medicine журналында жарияланған зерттеулерде.

Жақындары вирус жұқтырған балаларда коронавирус дамуының он жағдайы зерттелді.

Зерттеушілер ересектер мен балалардағы ауру ағымының сипатындағы елеулі айырмашылықтарды байқады. Бір де бір балада өкпеде асқыну іздері байқалмады. Барлық балаларда үлкендерге қарағанда температура біршама жоғары болды. Олардың жартысы түшкіріп жүрсе, ал бір балада аурудың ешқандай салдары болмаған.

Зерттеу нәтижелері вирус балалардан бөлінетін заттарда ұзақ уақыт болғанын көрсетті. Бұл факт балалар арасында жұқпа таралуының белгісіз арналарының бар екендігін көрсетеді.

Ақпарат Aiqyn.kz сайтынан алынды

    Фото: ашық дереккөзден

Пікірлер