Қазақтың Жансаясы үздік үштікте

182

Қазақ елінің шахматшы қызы Жансая Әбдімәлік Швейцарияның Лозанна қаласында өткен элиталық әйелдер турнирінде үшінші орын алып, әлемдік шахматшылардың таңдайын қақтырды.

Бұл жарысқа классикалық шахмат түрінен қазіргі және бұрынғы әлем чемпиондары қытайлық Жу Вендзуй ( әлемдік рейтейнгте тоғызыншы орын), ресейлік Александра Костенюк (11-ші орын), болгар ойыншысы Антоанета Стефанова (алтыншы орын) және украиналық Мария Музычук (сегізінші орын) қатысты.

Сондай-ақ, турнирде рапид пен блицтен әлем чемпионы украиналық Анна Музычук пен Еуропаның қазіргі чемпионы Алина Кашлинская да өнер көрсетті. Әбдімәлік екеуімен де ойнап, тең нәтиже көрсетті.

Турнирде  грузиялық Нана Дзагнидзе мен ресейлік Александра Горячкина алғашқы екі орынды иеленді.

"Адырна" ұлттық порталы

Фото: ашық дереккөз

Пікірлер