Ресей Еуропа нарығын жоғалта бастады

578

Арабтардың ойлағаны жүзеге асты - ресейліктердің Еуропаға ұсынып отырған Urals мұнай қоспасы нарықта нөлге дейін құлады деп хабарлайды Bloomberg.

Vitol тәуелсіз трейдерлері ресей мұнайын $3-тен $3,1-ге дейін түсіріп ұсынса да ешкім оған тапсырыс бермеді, өйткені сол бағасының өзі саудиялықтар ұсынған бағадан 20%-ға артық болып шықты.

Айта кету керек, саудиялықтар өз бағасын барреліне $25 ұсына бастаған соң жағдай өзгеріп кетті, өйткені ресей мұнайының өзіндік құны $25, сондықтан олар одан төменге сата алмайды да.

Сарапшылар болжағандай, Ресей Еуропа нарығын жоғалта бастады. Олардың мұнайы Азияда да сұранысқа ие емес. Қытай да өздеріндегі қиындықтарға байланысты мұнай алуды шектеген.

Араб мұнайы сәуір айынан бастап Еуропаға қарай ағылады деп күтіліп отыр, яғни Ресейдің негізгі экспорттық тауары, аяқ астынан таңғажайып оқиға орын алмаса, осымен аяқталған сияқты.

Әдетте мұнаймен бірге газ бағасы да түсетіні бар, Ресейдің екінші экспорттық тауарының да перспективасы онша жақсы деп айтуға келмейді.

Қуаныш Еділхантегі

Пікірлер