Италия мен Испанияда короновирус өршіп тұр

2655
Adyrna.kz Telegram

Бүгінде әлемнің 138 елінде 147 697 адамға коронавирус жұққан. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында хабарлады.

Ауру ошағы саналған Қытайда қазір жағдай біршама жақсарған.

Әлемде 138 елде 147 697 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде:

ҚХР-да 80 824 (тәулігіне - 11 жағ.) жағдай (күн сайынғы өсім – 0,01%), оның ішінде - 3 189 өліммен аяқталған (өлім көрсеткіші – 3,9%). 65 541 адам жазылған (81,0%). Стационарларда 12 094 науқас қалады;

Әлемнің басқа елдерінде – 66 873 (круиз лайнерін қоса алғанда) оқиға (күн сайынғы өсім – 20,0%  құрады), оның ішінде – 2 239 өлім, өлім көрсеткіші-3,4 %.
1 "а" санаты бойынша:
Италияда - 17 660 оқиға (тәулігіне - 2 5 47 жағ. өсім – 16,8%), қайтыс болғандар – 1 439 (тәулігіне – 181, өсімі – 14,3%);
Иран – 12 279 оқиға (тәулік ішінде-1 289 жағ. өсім-12,7%), қайтыс болғандар - 514 (тәулігіне-85, өсім-19,8%);
Оңтүстік Кореяда – 8 086 оқиға (тәулігіне - 110 жағ. өсімі – 1,4% - ға), қайтыс болғандар саны – 71 (тәулігіне – 5, өсімі – 7,5%).
1" б " санаты бойынша:
Францияда - 3 661 оқиға (тәулігіне – 785 жағю өсім-27,2%), қайтыс болғандар-79 (тәулік ішінде-18, өсім-29,5%);
Испания-5 232 оқиға (тәулік ішінде – 2 086 жағ.өсім-66,3%), қайтыс болғандар – 133 (тәулік ішінде-47, өсім-54,6%);
Германия – 3 675 оқиға (тәулік ішінде – 930 жағ. өсім – 33,8%), қайтыс болғандар саны – 8 (тәулігіне – 2, өсім 33,3%).

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қатаң алдын алу шараларын сақтауға кеңес береді:
- қолды, бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
- адамдар көп жиналатын жерлерге мүлдем бармау;
- сырқат адамдарға жақындамау;
- суық тию белгілері пайда болған жағдайда ( дене қызуы жоғарылап, мұрын бітелсе, жөтел, тамақтың ауыруы) тез арада үйге жедел жәрдем шақыру қажет.

Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыздар және өзге де сұрақтар бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 байланыс-орталығына қоңырау шалуға болады.

Пікірлер