АҚБЕРЕН ЕЛГЕЗЕК: Аз ғана қазақ ұлтының кінәсі қанша

2273
Adyrna.kz Telegram

Мына короновирус адамды небір ойларға жетелейді екен. Мәселен, планетамыздағы адам саны кейінгі елу жылда едәуір өсті. Адам санын азайтып, баланс жасау үшін ХХ ғасырдың өзінде екі дүниежүзілік соғыс ұйымдастырылды. Басқа ірілі-ұсақты өңірлік қақтығыс, соғыстарды айтпағанда. Қазір соғыс ашу қауіпті. Технологиялар керемет дамыған. Соғыс ашқан мемлекеттің өзі омақаса түсуі мүмкін. Немесе соғыс басқа, мүлде күтпеген сценариймен өрбіп кетуі мүмкін. Оны бақылау я дер кезінде тоқтату мүмкіндігі төмендесе керек. Ал, планета тұрғындарының саны жылдан-жылға өсіп жатыр. Оларды ас-сумен, киім-кешек, дәрі-дәрмек т.б. тіршілікке қажетті дүниемен қамтамасыз ету жылдан-жылға қиындады дегендей. Әсіресе, әлемдік державалар басшыларының алдында АҚШ пен Еуропада саны күрт өскен, бірақ қоғамдық өмірге “дым пайдасы жоқ” қарттар проблемаларын қалай шешу керек деген заңды сұрақ туды. Одан бөлек Таяу Шығыстан лап қойған еуропалықтар үшін жексұрындар миграциясы тағы бар. Еуропалық қоғамды интеллектуалдық нәтижелерге тезірек жету үшін “жасарту” керек деген мақсат-мүдде жүзеге асу керек. Экологияны сақтау үшін де, қазба байлықты да осы заманда талан-таражға түсірмей, келесі ұрпаққа жеткізу мұраты да адамзат нәсілінің санын бақылауда ұстауды талап ететін сияқты. “Енді не істеу керек?” деген кезде әртүрлі жоба-ұсыныстарды қарайды ғой. Ең оңтайлы қару - биологиялық қару. Яғни өзінен өзі дамып-түрленіп, жұртты баудай түсіріп, қынадай қыратын бір эпидемия ойлап табу. Бүгін міне әлемдік пандемия деңгейіне жеткен короновирус осындай бір зұлым мақсаттан пайда болған һәм барлық алпауыттар келісіп, таратқан антиадамзаттық қару сияқты. Және бұл жаһандық саясат барлық мемлекет басшыларына міндеттелген де болу керек. Ал, аз ғана қазақ ұлтының кінәсі қанша?! Құдай әділетті қой, бізді сақтайтын шығар. Соған сенейік.

Пікірлер