Үкімет: Оқушылар демалысқа ерте шығады, студенттер қашықтықтан оқытылады

3294
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның орта білім беру мекемелерінде коронавирустың тарауына байланысты ерте демалысқа шығарылады, ал студенттер қашықтықтан оқытылады. 

"ДҰҰ пандемия деп жариялады. ҚР президенті нақты тапсырма берді. Алдымен 13 наурыздан бастап іс-шаралара өткізілмейді. Сауда, вокзсалдар, санитарлық күшейеді. Орта білім беру мекемелерін 16 наурыз бен 5 сәуір аралығында демалысқа жіберілуін қамтамасыз етеміз. 16 наурыздан бастап колледждер мен ЖОО-лар қашықтықтан оқытуға көшеді. Оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтықтан жүргізуге ауыстырылады», - деді ол.", - деді премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

"ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Осыған орай Білім және ғылым министрлігі барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарындағы білім алушылар мен педагогтардың санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 12 наурыздан бастап жиынтық бағалауды өткізуді ұсынды.

Пікірлер