Актер Том Хэнкс пен әйелі коронавирус жұқтырды

870

Голливуд актері, "Оскар" жүлдесінің екі дүркін иегері Том Хэнкс өзі және әйелі Рита Уилсон коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді. Бұл туралы 63 жастағы актер Twitter желісіндегі парақшасында хабарлады.

"Сәлем, достар. Рита екеуіміз осындамыз, Аустралияда. Біз өзімізді сәл шаршаңқы сезініп, тұмауратқандай болып, денеміз ауырсына бастады. Рита уақыт өте келе қалтырай бастады. Барлығы дұрыс екеніне көз жеткізу үшін коронавирустан тексерістен өттік, тест нәтижесі оң болып шықты", - деп жазды актер.

Том Хэнкс көпшілікке  2016 жылы сол кездегі АҚШ президенті Барак Обаманың қолынан еркіндік медалін алған болатын. Ол "Большой", "Форест Гамп", "Изгой", "Чудо на Гудзоне" фильмдері арқылы көпшілікке танымал

Пікірлер
Редакция таңдауы