Моңғолияда бірінші коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді

3228
Adyrna.kz Telegram

Моңғолияда Франция азаматынан коронавирус анықталды. Бұл туралы Моңғолияның вице-премьері Энхтувшин мәлімдеді, - деп хабарлайды Mongolian news agency.

Агенттік мәліметінше, 2 наурызда Мәскеу-Ұлан-Батыр бағытымен Моңғолияға ұшып келген Франция азаматының дене қызуы көтерілген. Ал сараптама нәтижесі коронавирусты растаған. Қазіргі уақытта ол карантинге жатқызылды.

Моңғолияның денсаулық сақтау министрі таяуда науқастан тағы да сараптама алынатынын айтты. Қазіргі уақытта Франция азаматының жағдайы тұрақты екені айтылады.

Еске салайық, мұның алдында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус жұқтырған елдердің саны артуына байланысты мәлімдеме жасаған еді. Ұйымның мәліметінше, бүгінде вирусты әлемнің 104 елінде 109 343 адам жұқтырған.

 

tengrinews.kz

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Пікірлер