Нью-Йоркте коронавирус жайылып барады

3832
Adyrna.kz Telegram

Нью-Йорк губернаторы Эндрю Куомо Twitter-ді микроблогына штатта 89 адамның коронавирус жұқтырғанын жазды.

Нью-Йорк штатында тағы 13 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды. Олардың жалпы саны 89-ға жетті, - дейді  Эндрю Куомо.

Оның айтуынша, Уэстчестер қаласында 70 адамнан коронавирус анықталған, Нью-Йоркте – 11, Нассауда – 4, Рокленд аймағында – 2, Саратогада – 2 жағдай тіркелген.

Губернатор сонымен қатар, қазір штатта коронавиурске қарсы күніне 20-30 тест жасауға ғана қауқарлы екенін, алдағы уақытта күніне 1000 тест жасауға дейін жеткізетіндерін жазды.

Пікірлер