Борышына адал жан

507

 Көктем келді. Көктеммен бірге көрікті көркемдеріміздің мерекесін атап өтеміз. Осы мерекенің қарсаңында Құрлық әскерлері Әскери институтының   бөлімнің әдіскері майор Бабалыкова Данагүл жайлы әңгіме қозғасақ деп едік.

Майор Данагүл Бабалыкова – Отан алдында борышын адал өтеп жүрген әскери қызметшілердің бірі.

Білімділігі мен зеректілігінің арқасында әріптестері мен институт басшылығының  алдында абырой биігінен көріне білді.

Данагүл жауынгерлік әзірлік пен  мемлекеттіқ-құқықтық дайындық сабақтарында әрдайым озаттар қатарынан табылып, ұжымның мақтанышы болып келе жатқан офицерлердің бірі.

Майор Бабалыкова  өз лауазымдық міндеттеріне әрқашан жоғарғы жауапкершілікпен қарайтын адам.

Данагүл 1977 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарасу ауылында өмірге келген. Осы ауылда туып-өсіп, мектептен кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетіне оқуға түсіп, оны үздік тәмәмдап, үлкен жолға бет алды.

Бір-екі жыл мұғалім болып жұмыс істеп, кейіннен Қорғаныс министірлігінің Әскери институтына Шығыс тілдер кафедрасына оқытушы болып жұмысқа тұрды, әскери қызметші атанды. Жылдар өте офицер шенінде алды. 2008 жылдан бастап Құрлық әскерлері Әскери институтының Шығыс тілдер қафедрасында ұстаздық міндеттерін атқарды. 2016 жылдан бастап лауазымы өсіп Құрлық әскерлері Әскери институтының Оқу-әдістемелік басқармасының әдісккері болып қазмет етіп келеді.

Данагүл Кабдулсагитқызы қазіргі күні интитутта шет елде оқитын курсанттар мен тікелей жұмыс істейді, сонымен қатар институттқа келетін шет ел делегациаларының жұмысын ұйымдастырады.

Данагүл атқарған қызметімен де, өнегелі ісімен де әріптестерінің  ішінде үлгі болған жан.

Оның еңбексүйгіштігі, өмірлік бай іс-тәжирбиесі, ұйымдастырушылық қабілеті оны әрқашанда басқа әскери әскери қызметшілердің арасында ерекшелендіреді.

Данагүлдің бүгінгі күні абыройы асқақ, мерейі үстем. Ұлы мен қыздары анасының жетістіктерін әрдайым мақтан тұтады.

Аида Бектурова,

Құрлық әскерлері

Әскери институтыныңбаспасөз қызметі

Фото:  Аида Бектурова

Пікірлер