Біздің анамыз  қасиетті жан

734

Редакциямызға Құрлық әскерлері Әскери институтында қызмет ететін Ақмарал Оспанбаева атты ханымның балалары хат жолдаған екен. Халықаралық әйелдер мерекесі қарсыңында келген хатты оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.

 Ана деген балаға ең жақын адам. Ана-бейбітшілік, тоқтық, мейірімділік деген ұғымдардың түпкі мәні деп білуге болады.

Біз аяулы анамызды жақсы көреміз. Біздің анамыз 3 сынып сержанты Ақмарал Оспанбаева Құрлық әскерлері Әскери институттының материалды-техникалық қамтамасыз ету басқармасының  техникалық қамтамасыз ету бөлімінің аға маманы болып қызмет етеді.

Анамыз өз ісінің шебері, өз күшіне кәміл сенген адам. Біздің анамыз байсалды мінезі мен, көрегенділігі мен, сабарлығы мен әскери ұжымда сый-сияпатқа кеңелген жан.

Әрккімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Бізде анамызды бізге сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымызды  айта отырып, өз ойымызды азда болса жеткізгіміз келеді.

Бізді қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – біздің Анамыз.  Біздің боймыздағы барлық жақсы қасиеттерді анамыздың ақ сүтінен дарыған деп білеміз. Біздің анамыз Ақмарал Жұмақанқызы  – ұлы адам, қасиетті жан.

Дана және Нұржан Негметовтар,

Алматы қаласы

Пікірлер
Басқа материалдар