Коронавирус: 7 наурыздағы жағдай қандай?

691

Денсаулық сақтау министрлігі ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жасау жұмысы жалғасып жатқандығын хабарлады.

7 наурызда барлығы 72 адам дене қызуымен және ЖРВИ-мен, оның ішінде 1 «Б» санаты бойынша – 16 адам; 2-санат бойынша – 31 адам; 3-санат бойынша – 25 адам емдеуге жатқызылды. Емдеуге жатқызылған 72 адамның ішінен 26 адам шығарылды.

3 мың 676 адамға  мониторинг жүргізілді, оның ішінде 1 «А» санаты бойынша – 763,  1 «Б» санаты бойынша – 216,  2 санат бойынша – 2 697 адам медициналық бақылауда болды (14 күн қоңырау шалу).

Сондай-ақ, кеше таңертеңгі сағат 2:30-да Нұр Сұлтан қаласына Токио қаласынан 20 қазақстандық азамат келді (оның ішінде 4 адам – «Diamond Princess» жапон лайнерінің жолаушылары). Барлығы медициналық және зертханалық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық.

Емдеуге жатқызылғандардың барлығының сынамасын қосымша бақылау үшін Алматыдағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесін игерген.

Республикада қолдаушы терапия үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық мақстаттағы бұйымдар бар, инфекциялық ауруханаларда оқшаулауға арналған бокстар бар орындар, дәрігерлік және орта медицина персоналы дайындалған. Бұл жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында екенін атап өту қажет.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін келесі алдын-алу шараларын сақтау қажет:
- қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз;
- қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану;
- адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз;
- науқас адамдармен байланыста болмауға;
- суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу керек.

"Адырна" ұлттық порталы

Фото: ашық дереккөз

Пікірлер