Путин: Ресейге қос билік зиян

718

Ресей президенті Владимир Путин 6 наурыз күні Иваново қаласында қоғам өкілдерімен кездесті. Сол жиында президенттік өкілеттігі аяқталғаннан кейін Мемлекеттік кеңесті басқармайтынын, қос биліктің Ресейге зиян екенін айтты. Оған қоса, билігін сақтап қалуға "әрекеттенбейтінін" де жеткізді.

Ресейде Мемлекеттік кеңес 2000 жылы құрылған.  Президент жанындағы кеңесші органға федералдық жиын палатасының төрағалары, президенттің аймақтардағы тұрақты өкілдері және мемлекеттік дума фракциясының жетекшілері мүше.

"Маған мемлекеттік кеңеске ерекше өкілет беріп, оны басқару туралы ұсыныс түсіп жатыр. Бұл – қос билік болады деген сөз ғой. Ал мұндай жүйе Ресейге зиян" , - деді жиында Путин.

Жасұлан Наурызәлі,

"Адырна" ұлттық порталы

Фото: ашық дереккөз

 

 

 

 

 

 

Пікірлер